AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жасөпірімдерге арналған тұңғыш Speak-up форумы

Жасөпірімдерге арналған тұңғыш Speak-up форумы

Әлеумет 25.11.2022, 12:53 1,097
Жасөпірімдерге арналған тұңғыш Speak-up форумы
Сурет: Ашық дереккөз

Алматыда өтетін форум пайдалы әрі қызықты болуы үшін ұйымдастырушылар жасөспірімдердің фокус-тобына арнайы зерттеу жүргізді


27-қараша, яғни осы жексенбі күні ЮНФПА (БҰҰ-ның репродуктивті денсаулық және құқықтар жөніндегі жетекші агенттігі) қолдауымен жасөспірімдерге арналған I “speak up” форумы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


 Шара барысында мобилография, ораторлық өнер сынды шеберлік сағаттары ұйымдастырылып,  білікті сарапшылар жасөспірімдерге арналған қызық әрі пайдалы дәріс өткізеді. Сондай-ақ, форумға қатысушы жастар көкейкесті сұрақтарына жауап алуы үшін психологтан кеңес алу мүмкіндігін де қарастырдық. 


Жасөспірімдер “ата-аналарымен және құрдастарымен қарым-қатынас дағдыларын қалай жақсарта алады?”, “Еріктілер қатарына қалай қосыла аламыз?”, “Старт ап ұйымдастырудың қыр-сыры.”, “Мамандық таңдауда нені ескеру керек?”, “Актерлік мансапты қалай бастау керек?”. Осы және басқа да маңызды сұрақтардың жауабын 27-қараша күні өтетін “speak up” форумынан біле аласыздар. Сондай-ақ, сіздер үшін мобилография, қаржылық сауаттылық,  блогерлік, ораторлық өнер сынды шеберлік сағаттарын ұйымдастырамыз!


Форумның ұйымдастырушылары  “Бөпе” ҚҚ және БҰҰ-ның репродуктивті денсаулық және құқық жөніндегі жетекші агенттігінің мақсаты (ЮНФПА) жасөспірімдердің кездесіп, бір-бірімен танысып, өзекті тақырыптарды талқылап, көкейіндегі сұрақтардың жауабын ала алатындай мүмкіндік жасау. Форум пайдалы әрі қызықты болуы үшін ұйымдастырушылар жасөспірімдердің фокус-тобына арнайы зерттеу жүргізді. Нәтижесінде жасөспірімдердің қандай тақырыпта сөйлескісі келетінін сарапшылармен бірге анықтады. 


Шара спикерлері қатысушыларға ата-анамен қарым-қатынасты қалай құру керектігі, әлеуметтік кәсіпкерлік пен волонтерлік туралы айтып қана қоймай, камера алдында өзін еркін сезінудің  қыр-сырын үйретеді. Сондай-ақ, блог жүргізудің бастағанда нені ескеру керек екені жайлы да айтады. Ал ЮНФПА сарапшылары жастарға арналған арнайы денсаулық орталықтары туралы ақпарат береді және жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы туралы маңызды мәселелерді қозғайды.  YPEER халықаралық желісінің волонтерлері жасөспірімдердің көшбасшылық қабілеті, зорлық-зомбылыққа қарсы тұру және өмірлік дағдыларға негізделген білім беру мәселелерін көтереді. 
Шара барысында Тәуекел Мүсілім, Серік Шәріп (Шако)және Гүлназ Жоланова сынды танымал жұлдыздар өздерінің жасөспірім шағын еске түсіріп, тұлға болып қалыстастудағы аталмыш кезеңнің маңызы жайлы айтады. 


Speak форумы жасөспірімдер мен олардың денсаулығы, қызығушылықтары, хоббилері және олардың мүмкіндіктері туралы талқылаулар өтетін ашық алаң. Сондай-ақ, Speak Up – шеберлік сабақтары, психологиялық кеңестер, жаңа таныстар және жексенбіні көңілді әрі пайдалы өткізу мүмкіндігі!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Speak-up #форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика