конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жасанды интеллект комитеті құрылмақ

Жасанды интеллект комитеті құрылмақ

Әлеумет 29.01.2024, 11:20 1,240
Жасанды интеллект комитеті құрылмақ
Сурет: ашық дереккөз

Қазақ тілінде еркін түсінетін тұңғыш ChatGPT әзірленеді.


Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Гумилев атындағы Еуразиялық университетте өткен форумда министрлік құрамында Жасанды интеллект комитеті құрылатынын құлаққағыс етті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 




"Ал былтырғы даму процесін ғылыми орта "ойын жылы" деп атап кетті. Бәрі ойнады, көрді, таңғалды. Енді биыл салмақты әңгіме болатын түрі бар. Жасанды интеллект саласына бүкіл алпауыт компаниялар кірісіп кетті, триллиондаған инвестиция құйыла бастады. Осы соңғы 5 жылдың ішінде 27 мемлекет өздерінің ұлттық жасанды интеллект стратегияларын қабылдады", – деді Саясат Нұрбек. 



Оның айтуынша, мұндай стратегияны Қазақстан биыл қабылдады. Оған сәйкес, министрлік құрамында Жасанды интеллект бойынша арнайы комитет құрылады.



"Біздің институттарымыз әзірлеген ауқымды тіл моделі шығады. Ол модельді суперкомпьютерде жаттықтырамыз да, қазақша түсінетін өзіміздің тұңғыш ChatGPT пайда болады. Қазір бүкіл араб елдерінде өздерінің тіл модельдерін жасап жатыр. Оларға жеңілдеу. Өйткені, араб тілінде шыққан ғылыми еңбек, жазба әдеби мәдениет көп. Өкінішке қарай, өзімізді қанша мақтасақ та, бізде ондай мыңдаған жылдық кітапханалар жоқ. Мәдениетіміз де, өркениетіміз де ауызша. Сондықтан Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп бүкіл БАҚ-тың, киноқордың мұрағаты негізінде осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Соны жеңілдету үшін Оксфорд университеті көмектесті", – деді министр.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#жасанды интелект #комитет #форум #Ғылым және жоғары білім минстрлігі #ChatGPT
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бір тәулікте 1 357 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды

Бүгін 09:27

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Кеше 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Кеше 20:40

Сарапшы партиялардың сайлауалды бағдарламаларын қалай бағалау керегін түсіндірді

Кеше 20:37

ҚҚДИ: Теледебаттар партиялар арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге мүмкіндік берді

Кеше 20:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);