Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жасанды интеллект – ғылыми және талдамалық жұмысты...

Жасанды интеллект – ғылыми және талдамалық жұмыстың жаңа мүмкіндіктері

Әлеумет 15.02.2024, 05:01 975
Жасанды интеллект – ғылыми және талдамалық жұмыстың жаңа мүмкіндіктері
Сурет: ҚСЗИ

ҚСЗИ қабырғасында «Ғылыми зерттеулердегі жасанды интеллект: мүмкіндіктер мен тәуекелдер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Іс-шараға қатысушылар ғылыми және аналитикалық қызметте жасанды интеллектті (ЖИ) пайдалану мүмкіндіктерін, ЖИ адам өмірін қалай өзгерте алатынын, ЖИ пайдалану кезінде қандай қауіптер мен мәселелер туындауы мүмкін екенін талқылады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Талқылау басында ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов ЖИ-нің таралуынан экономиканың барлық дерлік секторлары және одан тыс жерлер орасан зор пайда алатынын атап өтті.



«АҚШ-та ауқымды зерттеу жүргізілді. Ол жасанды интеллект жыл сайын 4 триллион доллардан астам табыс әкелетінін көрсетті, бұл әлемнің төртінші экономикасы – Германияның ЖІӨ-мен салыстыруға келеді. 2030 жылдың басына қарай ЖИ жаһандық экономиканың жетекші драйверіне айналады және адам еңбегінің 70%-ға дейін автоматтандыруы мүмкін. 2030 жылға қарай ЖИ жаһандық экономикадағы үлесі 15,7 триллион доллар болады деп күтілуде, бұл Қытай мен Үндістанның қазіргі ЖІӨ-ні біріктіргеннен де көп. Сонымен қатар, ЖИ-ден ең үлкен экономикалық пайданы Қытай көреді, онда ЖИ ЖІӨ өсіміне қосымша 26%, ал АҚШ-та 14,5% қосады», – деді ҚСЗИ басшысы.



Еркін Тұқымов ЖИ пен адамдар арасында бәсекелестік тудыру секілді маңызды мәселені көтерді.



«Бүкіл әлем бойынша ЖИ 85 миллионға жуық жұмыс орнында адамдарды алмастырады және қазірдің өзінде дизайнерлердің, аудармашылардың, корректорлардың және тіпті дәрігерлердің жұмысын алмастырды деп есептеледі. Жасанды интеллект көптеген функцияларды орындауда адамдарды алмастырып қана қоймай, оларды әлдеқайда жақсырақ орындай алады. Жасанды интеллект 24/7/365 тұрақты жұмыс істейді, ол ауырмайды, көңіл-күйі нашар болмайды және жалақыны көтеруді талап етпейді. Бүгінгі таңда жаңа технологиялар, соның ішінде жасанды интеллект жаңа жұмыс орындарын ғана емес, еңбек нарығында тұтас жаңа бағыттарды, жаңа кәсіптерді ашады деген пікір бар», - деп ой түйіндеді Е.Тұқымов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жасанды интелект #зерттеу #Ғаламтор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика