AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру өт...

Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру өте маңызды

Әлеумет 01.04.2025, 14:17 768
Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру өте маңызды
Суретті түсірген - С.Құсайынов

31 наурыз күні Мақан Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясында елге белгілі спорт саңлақтарының қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті. Жиында Ұлттық Құрыл­тайдың IV отырысындағы айтылған негізгі мәсе­лелер басты тақырып ретінде талқыланды.

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысында Қазақстанды да­мытудың негізгі бағыттары талқыланып, жаңа баста­малар ортаға салынғаны мәлім. Кешегі «дөңгелек үс­тел» барысында қатысушылар Ұлттық Құрылтайда айтылған білім беру мен тәрбиеге қатысты мазмұндар­ды ашалай талдады.

Талқы жиынына Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесінің өкілдері, Қазақстан Республика­сының еңбек сіңірген спорт шебері Қанат Ислам, Олимпиадының қола жүлдегері, үш дүркін әлем чем­пионы Назым Қызайбай, әлем чемпионы Алуа Балқы­бекова арнайы шақырылды. Даңқты спортшылар академия курсанттарымен кездесіп, өз ойларымен бөлісті, әрі сұрақтарына жауап берді.

– Ұлттық Құрылтайдың кезекті отырысында Мем­лекет басшысы өскелең ұрпаққа білім беру және тәр­бие мәселесіне де ерекше тоқталды. Білім беру мен тәрбие бір-бірінен ажырмас ұғымдар екенін ескерсек, білім сапасын арттырумен қатар тәрбие мәселесіне де баса назар аударымыз керек. Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, оларды жауапкершілік пен еңбексүйгіштікке баулу өте маңызды. Бұл мақсатта «Адал азамат» және «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын жақсы білесіздер. Осы бағдарламалар аясында отбасылық тәрбиемен қатар жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру қолға алынып жатыр, – деді ҚР ІІМ Алматы академиясы бас­тығының орынбасары Мұрат Жақыпбеков.

Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Абдухалил Долкунтай ел бірлігі ең маңызды мәселе екенін атап өтті.

– Президент болашақ жастардың қолында екенін айтты. Сондықтан жастарымызды дұрыс тәрбиелеп, еліміздің өркениетті, қуатты мемлекет болуына әрқай­сысымыздың атсалысуымыз маңызды. Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр. Біз тату- тәтті болсақ, дамыған мемлекеттердің қатарына емін- еркін қосыламыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», – деді ол.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Қанат Ислам курсанттарға өмір мен жұмыстағы тәртіптің маңызына баса тоқталды. Сондай-ақ, акаде­мия курсттарының болашақ қызметі абыройлы әрі жауапкершілігі жоғары екенін атап өтті. Ал әлем чем­пионы Алуа Балқыбекова әр адам өз мамандығының шебері болса, үлкен жетістікке жететінін түсіндірді. Олимпиадының қола жүлдегері, үш дүркін әлем чем­пионы Назым Қызайбай спорттың адам өміріндегі маңыздылығына тоқталды.

– Бәріңізді спортпен айналысуға шақырамын. Еліміздің өсіп, дамуына өз үлесімізді қосайық. Елім дейтін, жерім дейтін көздерінде от, сөздерінде жалы­ны бар азаматтарымыз көп болсын, – деді Назым Қызайбай.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар #құрылтай #спорт саңлақтары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика