AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Үкіметте Ұлттық білім беру деректер қорын жаңғырту...

Үкіметте Ұлттық білім беру деректер қорын жаңғырту барысы қаралды

Білім және ғылым 19.09.2026, 17:01 376
Үкіметте Ұлттық білім беру деректер қорын жаңғырту барысы қаралды
Сурет: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Ұлттық білім беру деректер қорын жаңғырту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Оның барысында оқу-ағарту министрі мен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасының Ұлттық білім беру деректер қорын жаңғырту барысы және оның негізінде Ұлттық білім беру платформасын дамыту жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы есептері тыңдалды.

Шымкент қаласы, Түркістан, Ақтөбе және Алматы облыстары әкімдерінің орынбасарлары өңірлердегі білім беру ұйымдарын цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Жаңартылған жүйе арқылы 1-сыныпқа қабылдауға 490 мыңнан астам өтініш онлайн режимде берілген. Техникалық, орта білімнен кейінгі және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау үдерісі толық автоматтандырылған. Нәтижесінде колледждерге оқуға 220 мыңнан астам талапкер түскен.

Білім беру жүйесін цифрландыру Алматы үшін де өзекті бағыттардың бірі. Қаладағы мектептер мен колледждерде мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіру оқушылар, ата-аналар мен педагогтер үшін құжат рәсімдеу үдерісін жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Алматылықтар үшін мұндай платформалардың тұрақты әрі қолжетімді жұмыс істеуі білім беру қызметтерінің сапасына тікелей әсер етеді.

Нұрлыбек Нәлібаев Ұлттық білім беру платформасын енгізу халыққа білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды қамтамасыз етумен қатар, бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге, үнемделген қаражатты білім беру саласындағы басқа да қажеттіліктерге бағыттауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #Қазақстан #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрін таныстырды

Бүгін 20:00

ҚазОжРҒЗИ «МҰРТТЫ ҚАРАША» акциясына қатысуға шақырады

Бүгін 19:03

Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды

Бүгін 18:30

Алматыда таеквондодан Қазақстан чемпионаты өтеді

Бүгін 18:11

Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті

Бүгін 18:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);