AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Қала күніне орай алма жәрмеңкесі өтіп жат...

Алматыда Қала күніне орай алма жәрмеңкесі өтіп жатыр

Алматы 19.09.2026, 17:38 351
Алматыда Қала күніне орай алма жәрмеңкесі өтіп жатыр

Алматыда жыл сайын дәстүр бойынша Қала күніне орай ұйымдастырылатын ауқымды іс-шаралардың бірі – алма жәрмеңкесі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Биыл жәрмеңкенің сауда орындары Қазыбек би көшесінің Панфилов пен Назарбаев көшелері аралығында орналасып, қала тұрғындары мен қонақтарын таңғы сағат 10:00-ден бастап қабылдап жатыр.

Биыл алма жәрмеңкесі екі күн қатарынан өтеді. Оған көптеген шаруа қожалығы қатысып, алманың 50-ге жуық сортын ұсынады. Жәрмеңкеге 200 тоннадан астам алма жеткізілді.

Алманың отаны саналатын Алматыда өтетін мерекелік алма жәрмеңкесі қала тұрғындары үшін дәстүрлі шараға айналған. Жыл сайын жәрмеңкені асыға күтетін тұрғындар алманың түрлі сорттарының дәмін татып, отбасымен бірге уақыт өткізуді дәстүрге айналдырған. Сонымен қатар Алматыға келген отандық және шетелдік туристер де қаланың әйгілі алмасының дәмін татуға ерекше қызығушылық танытады.

Солардың бірі қала тұрғыны Айдана. Ол жәрмеңкені жыл сайын отбасымен асыға күтетінін айтты:

«Алма жәрмеңкесі – балаларымызбен бірге асыға күтетін дәстүрлі мерекелердің бірі. Мұнда алманың сан алуан түрін көріп қана қоймай, дәмін татып, өзімізге ұнаған сорттарды сатып аламыз. Балаларым да жыл сайын жәрмеңкеге келіп, жаңа сорттардың дәмін көруге қуанады. Осындай шаралардың ұйымдастырылуы қала тұрғындары үшін де, қонақтар үшін де өте жағымды», – деді қала тұрғыны.

Жәрмеңкеге келген көптеген шетелдік туристер де шараны жоғары бағалап, қала әкімдігіне алғыстарын білдірді. Олар Алматының алмаларымен танысып, жергілікті өнімдердің дәмін татуға мүмкіндік алғанына қуанышты екенін атап өтті.

Қала күніне орай ұйымдастырылған алма жәрмеңкесі екі күн – 19 және 20 қыркүйек күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрін таныстырды

Бүгін 20:00

ҚазОжРҒЗИ «МҰРТТЫ ҚАРАША» акциясына қатысуға шақырады

Бүгін 19:03

Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды

Бүгін 18:30

Алматыда таеквондодан Қазақстан чемпионаты өтеді

Бүгін 18:11

Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті

Бүгін 18:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);