«Жас қаламгер» жобасы жұмысын бастады

«Жас қаламгер» жобасы  жұмысын бастады Сурет: Vmeste-masterim.ru

Елімізде алғаш рет «Жас қаламгер» оқыту мектебі қолға алынды


Аталған жоба Мәдениет және спорт министрлігінің қол­дауымен елімізде алғаш рет мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Әлеуметтік жоба оқу сауаттылығын арттыру, жас дарындардың танымдық-шығармашылық белсенділігін дамытуды мақсат етіп отыр.


Бастаманы «Қазақстанның жастар конвенті» қоры жүзеге асырады. Алдағы уақытта оқыту мектептерінде елордадағы орта және арнаулы орта оқу орындарының 10-18 жас аралығындағы дарынды балалары әдебиет саласының драматургия, поэзия, проза бағыты мен «Ғылым тап = Find science» (Абай шығармаларын ағылшын тілінде оқыту), «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты тақырыптар бойынша дәріс алады.


Оқыту мектебіне қатысушы балаларға ақын Несіп­бек Айтұлы, жазушы-драматург, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты Роза Мұқанова, ақын, филология ғылым­дарының докторы Жанат Әскербекқызы, филология ғылымдарының кандидаты, айтыскер-ақын Серікзат Дүйсенғазы, абайтанушы-журналист Ернат Мелсұлы және тағы басқа ақын-жазушылар дәріс оқиды.


Жоба аясында биыл 10 тамыз бен 5 қыркүйек ара­лығында қабылданған өтініштер нәтижесінде жобаға 200-ге жуық бала қатысатыны белгілі болды. Оқыту 8-20 қыркүйек аралығында өтеді.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21