AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жарық, су: Алматының Жетісу ауданында қандай ауқым...

Жарық, су: Алматының Жетісу ауданында қандай ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр

Әлеумет 01.07.2024, 17:15 821
Жарық, су: Алматының Жетісу ауданында қандай ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Жетісу ауданының әкімдігінде ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

2019 жылдан бастап 190 мыңнан астам халқы бар ауданда 96,7 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта жаңарту сияқты басым жобаларды жүзеге асыру кешіктірілді.

2020 жылы жаңа әкім Гүлнәр Көкебаева келгесін құрылыс ілгерілей бастады. Жұмысты «Алвис» және «Электроремонт» ЖШС мердігерлік ұйымдары орындады. Биыл бірінші мердігер қазылған көшелерді толық асфальттап жұмысын аяқтады, екінші мердігер осы жылы ойық-шұңқыры бар жолдарға орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. 

Функцияларды орталықсыздандыру аясында 2023 жылы «НКО» ЖШС және «АлматыИнжСтрой» АҚ мердігерлік ұйымдарының сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу жұмыстары басталды. Жоба аясында 16 мың абонент қамтылады, су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы – 85,97 км және кәріз желілері 90,2 км.

Жетісу ауданын толық қамтитын бұл жобалар үш жылға есептелген.

Биыл Алматы облысынан қалаға қосылған Кемел шағын ауданы тұрғындарының бір бөлігі тұрақты қалалық сумен қамтамасыз етіледі. Ұзақ жыл бойы тұрғындар су тапшылығын тартып келген еді. Сонымен қатар, Кемел шағын ауданында 43,5 км электр желісі салынды, соның арқасында қазір қала тұрғындары тұрақты қалалық электр қуатына қосылды. 

Сондай-ақ ұзындығы 32,5 км Палладин-Павлодар-Боралдай, Таймыр көшелерінің аумағында жаңа электр желілері салынды.

8,4 км магистральдық жылу желілері қайта жаңартылды.

Көше жарығы да шешімін тапты, биыл жаңа бағаналар орнатылып, 150 жартылай жарық жүргізілмеген көшеде 35 мың км астам кабель салынды. Ауданның барлық магистральдық көшесінде (Солтүстік айналма, Сейфуллин, Рысқұлов, Жансүгіров және т.б.) көше жарығы жаңғыртылды.

Айта кетейік, Жетісу ауданының әкімі лауазымына Гүлнар Көкебаева 2020 жылдың қазан айында тағайындалған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылыс #Электр желісі #жаңарту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);