AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жарна ажырасуды азайта ма?

Жарна ажырасуды азайта ма?

Әлеумет 30.04.2025, 16:22 1,052
Жарна ажырасуды азайта ма?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұдан бұрын Қазақстанда ажырасу үшін төленетін баж 80 мың теңгеге дейін ұлғаятынын хабарлағанбыз.

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров ажырасатындарға жарна енгізуді ұсынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz
 
Депутат елдегі ажырасу деңгейінің алаңдатарлық көрсеткішке жеткенін айтып, бұл мәселеге жүйелі түрде назар аударуға шақырды. Ол үкіметке ажырасудың алдын алуға қатысты ұсыныстарын жолдады.

Ол отбасының әлсіреуін ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің тұрақтылығына тікелей қауіп деп бағалайды. Оның айтуынша, бұл жағдайдың алдын алу үшін түбегейлі өзгеріс қажет.

- Шаңырағының отын-суын тасып жүрген ерлеріміз қайда? Отбасының ұйытқысы бола білген текті қыздарымыз қайда?, – деп депутат қоғамға ашық сұрақ тастайды.

ҰСЫНЫСТАР

1. Ажырасуға мемлекеттік бажды арттыру және жарна енгізу

Депутат ажырасуға өтініш берер кезде біржақты арызды қабылдамас бұрын міндетті түрде жоғары көлемдегі мемлекеттік баж енгізуді ұсынады. Сонымен қатар, ажырасқандарға қатысты табыс салығының мөлшерлемесін кезең-кезеңімен арттыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

2. Ақсақалдар институтын қайта жандандыру

Депутат бұрынғы дәстүрге сүйене отырып, жергілікті кеңестер, ардагерлер алқасы, имамдар мен әйелдер кеңестері сияқты консультативтік құрылымдарды ажырасу алдындағы ерлі-зайыптылармен татуластыру жұмысына тартуды ұсынады.

3. «Жас отбасы» ұлттық бағдарламасын әзірлеу

Назаров жас отбасыларға арналған кешенді қолдау тетіктерін қамтитын ұлттық бағдарлама жасауды ұсынды. Ол мынадай бағыттарды қамтуы тиіс:

тұрғын үй алуға көмектесу;
балалы болғанда жәрдемақы төлеу;
балабақшаға тегін жолдама беру;
тұрақты жұмысқа орналасуға қолдау көрсету;
ипотекалық жеңілдіктер мен салықтық демалыстар қарастыру.
4. Той үшін несиеге жол бермеу

Депутат үйлену тойларына несие алу тәжірибесін тоқтату мақсатында кең көлемді ақпараттық-идеологиялық науқан жүргізуді ұсынды. Ол «Қарапайым той – берекелі отбасы» деген ұранмен ұлттық деңгейдегі үндеу жариялап, оған қоғам қайраткерлерін, дін өкілдерін, блогерлер мен БАҚ-ты тартуды жөн көреді.

Назаровтың пікірінше, ажырасуды тек екі адамның жеке мәселесі ретінде қарауға болмайды. Бұл – ұлт болашағына төнген қауіп. Ол үкімет пен парламентті бұл проблеманы стратегиялық деңгейде қарап, нақты әрі нәтижелі әрекетке көшуге шақырды.

- Бүгін отбасыларымыз шайқалып тұрса, ертең елдің іргесі сөгіледі. Ұлттық идеология, тәрбие мен әлеуметтік қолдау – ұлтты сақтап қалатын басты тетік, – дейді депутат.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ардақ Назаров #депутат #ажырасу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);