AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жандарбек Бекшин: Алматылықтар қырағылықты төменде...

Жандарбек Бекшин: Алматылықтар қырағылықты төмендетті, маска тақпайды, той өткізеді 

Әлеумет 09.09.2021, 07:27 1,318
Жандарбек Бекшин: Алматылықтар қырағылықты төмендетті, маска тақпайды, той өткізеді 
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин 20-39 жас аралығындағы адамдардың коронавирус инфекциясын тез жұқтыратынын, вакциналану белсенділігі төмен және карантиндік режимді жиі бұзатыны жайында айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Жандарбек Бекшин атап өткендей, эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша жұқтыру 20-39 жас аралығындағы азаматтарда 31,2%, 40-59 жастағыларда 24%, 60 жастан асқан қарт адамдарда 23% құрады.



«Жалпы, соңғы аптада инфекция жұқтыратын негізгі орындар бұрынғыша сауда объектілері - 34%, отбасылық байланыс - 19,5%, қоғамдық көліктер - 17,8%», - деді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.



Жандарбек Бекшин коронавирустың «төртінші» толқыны аяқталмағанын, бірақ төмендей бастағанын, сондықтан вакцина салдыру қарқынын арттыру қажет екенін еске салды. 



«Азаматтар дерттің қаншалықты қауіпті екенін түсінулері тиіс. Әсіресе, 60 жастан асқан адамдар қауіп тобында, өйткені, өлім көбінесе халықтың осы санатында болады. Жасына қарай көптеген адамдарда созылмалы аурулар, дерт жұққан кезде олар өрши түседі. Сондықтан ремиссия кезеңінде вакциналану қажет. Тек вакциналану ғана коронавирусты жеңетін болады», - деді Жандарбек Бекшин. 



Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, COVID-19 вирусының «үнділік» нұсқасы тез жұғады әрі патогенділігі әлі де өте жоғары, соның салдарынан «симптомды» науқастардың деңгейі 95%-ды, «уханьдық» - 50% және «британдық» - 81% құрайды. 
 
Жандарбек Бекшин халықты вакциналауды күшейтуге және қоғамдық орындар мен көліктерде маска режимін сақтауға шақырды. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері қала тұрғындарынан адамдар көп жиналатын нысандарға, түнгі клубтарға, мейрамханаларға, кафелерге бармауға және үйдегі бұқаралық іс-шараларды шектеуге шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ковид #Бекшин #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);