Жаңбыр жауып, соңы бұршаққа ұласады

Жаңбыр жауып, соңы бұршаққа ұласады Сурет: ашық дереккөз

Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 28 тамызда болатын метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай, дауыл және желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. ҚР батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі, Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман күтіледі.


Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.


Жетісу облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.


Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:25

16:16

15:55

14:44

12:51

11:46

10:28

09:20

19:56

17:41

16:38

15:06

14:32

12:33

11:15

10:33

09:24

18:10

17:58

17:46

17:17

17:07

16:41

16:24

16:17