конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа үйлерді қолма-қол ақшаға сатуға тыйым салынуы...

Жаңа үйлерді қолма-қол ақшаға сатуға тыйым салынуы мүмкін

Әлеумет 04.09.2025, 11:22 708 yakiya
Жаңа үйлерді қолма-қол ақшаға сатуға тыйым салынуы мүмкін
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Салынып жатқан үйлердегі тұрғын үйді тек үлестік қатысу туралы шарттар бойынша ғана сатуға болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Krisha-ның мәліметінше, 2026 жылдың қаңтарынан бастап алғашқы нарықтағы пәтерлерді сатып алу кезінде барлық төлемдер тек қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Бұдан бөлек, салынып жатқан үйлердегі тұрғын үйді тек үлестік қатысу туралы шарттар (ҮҚШ) бойынша ғана сатуға болады, ал жаңа тұрғын үй кешендерінің жарнамасына тек ҚЖК кепілдігі немесе әкімдіктің рұқсаты болған жағдайда ғана жол беріледі.

Қолма-қол ақшаға тыйым тек жаңа құрылыстарға қатысты. Екінші нарықта бәрі бұрынғыдай қалады: төлемді кез келген тәсілмен, соның ішінде қолма-қол жүргізуге болады.

– Бұл жаңашылдық, менің ойымша, пәтер бағасына әсер етпейді. Ал егер құрылысшы төлемді қолма-қол талап етсе, онда оның адалдығына күмән келтіруге негіз бар, – дейді Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков.

Жүнісбековтің айтуынша, заңсыз ақша тартқаны және кепілдіксіз/рұқсатсыз жарнама жасағаны үшін құрылысшыларға салынатын айыппұлдар 300-ден 2000 АЕК-ке дейін (1,2 млн-нан 7,8 млн теңгеге дейін) өседі. Бірақ олардың қашан күшіне енетіні әзірге белгісіз.

2025 жылдың шілдесінде елдегі жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін орташа баға 528 559 теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,6%-ға жоғары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пәтер #ақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда сарапшылар ел болашағын айқындайтын құндылықтарды талқылады

Бүгін 21:15

Алматыда Корея Республикасының жетекші сарапшылары қатысатын халықаралық форумы өтеді

Бүгін 17:16

Алматы кітапханаларына жарты жылда 700 мыңнан астам келуші тіркелді

Бүгін 16:18

«Әке жолын қуса - игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасып келеді

Бүгін 15:44

Алматыдағы тағы бір көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 15:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);