Жаңа Қазақстанға бастар жол: Конституциялық комиссия не өзгертеді?

Жаңа Қазақстанға бастар жол: Конституциялық комиссия не өзгертеді? Сурет: aqshamnews.kz

Ермек ҚОЖАМСҮГІРОВ, 
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің белсенді мүшесі, атом энергетикасы бойынша сарапшы: 

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы – елдің саяси-құқықтық дамуы жолындағы айрықша мәнге ие кезеңнің басталуы. Бұл жиын формалды бастама ғана емес, мемлекетті басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған терең институционалдық өзгерістердің нақты басталғанын көрсетеді.

Жаңа Қазақстан дүниежүзіндегі саяси өзгерістерге дайын болуы керек. Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия ел назарындағы басты мәселелерді шешуге ұмтылады. Өйткені нағыз азаматтық қоғамның көкейкесті сұрақтары тек заңнамалық тұрғы арқылы шешіледі. Мәжіліс – Сенат – Министрлік арасындағы талқылау жеңілдеп, заң қабылдау процесі жеделдейді. Бір палаталы парламенттік реформа Сенат пен Мәжіліс арасындағы бұрыннан қалыптасқан ұсақ келіспеушіліктерді шешеді.

Алғашқы отырыстың басты маңызы – реформалардың бағыт-бағдарын айқындап, конституциялық өзгерістердің тұжырымдамалық негізін қалыптастыруында. Комиссия құрамына әртүрлі сала өкілдерінің – заңгерлердің, саясаттанушылардың, азаматтық қоғам мен ғылыми қауымдастықтың қатысуы ұсынылып отырған бастамалардың біржақты емес, жан-жақты әрі қоғамдық мүддені ескеретін сипатта болуына мүмкіндік береді.

Бүгінде Қазақстанда 8 партия бар, бірақ елдегі партия саны екеу болған дұрыс. Ал әр партияны мемлекет қаржыландыру керек. Әйтпесе, бизнес өкілдері мен шетелдік компаниялар саяси партияларды қаржыландыратын болса, олар өз мүдделерін ойлап, конституциялық қауіпсіздігіміз бұзылуы ықтимал. 

Бұл кезеңде ең маңыздысы – Конституцияны «түзету объектісі» ретінде емес, қоғам мен мемлекет арасындағы қоғамдық келісімнің «тірі» құжаты ретінде қарастыру. Яғни, реформалар билік институттарының өзара тепе-теңдігін күшейтуге, адам құқықтарын қорғау тетіктерін нақтылауға және жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін арттыруға бағытталуы тиіс.

Сондай-ақ алғашқы отырыс ашықтық пен диалог қағидаттарының сақталатынын аңғартты. Егер комиссия жұмысы алдағы уақытта да қоғамдық пікірге сүйеніп, сараптамалық талдауларға негізделсе, бұл реформалардың легитимділігі мен ұзақмерзімді тиімділігін қамтамасыз етеді.

Конституциялық комиссияның алғашқы отырысы – құқықтық мемлекет құру жолындағы саяси ерік пен қоғамдық сұраныстың тоғысқан тұсы. Ендігі міндет – осы бастаманы мазмұнды, сапалы және нақты нәтижелерге жеткізу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:16

17:32

17:26

17:20

16:42

16:38

16:11

15:45

15:16

14:50

14:00

12:50

12:15

11:50

11:11

10:40

10:06

09:45

09:06

08:40

21:50

18:50

18:23

17:53

17:32