Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Жаңа оқу жылы студенттерді қабылдауға дайын ба?

Жаңа оқу жылы студенттерді қабылдауға дайын ба?

Білім және ғылым 27.08.2021, 15:27 1,886
Жаңа оқу жылы студенттерді қабылдауға дайын ба?
Сурет: Rbc.ru

Жаңа оқу жылына әзірлік


Жаңа оқу жылы әне-міне дегенше аяңдап келіп те қалды. ЖОО мен колледждер студенттерге есігін ашып, дәстүрлі форматта білім беретіндігін жариялады. Карантин талаптарына байланысты оқытушылар мен студеттердің екпе салулары міндет екендігін, оқу барысында сақтық шараларын қатаң қадағалап, маскалық режимді сақтаулары қажет екендігін атап өтті. Студенттермен тезірек қауышып, оларға қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін екпе салғызуға асықан Төлеуғали Тайтөлеев былтыр коронавируспен ауырған. "Мұндай қиындықты ешкімнің басына бермесін", - дейді оқытушы.


«Менің таныстарым қайтыс болды, туыстарым қайтыс болды. Көп адам о дүниеге кетіп жатыр. Айтайын дегенім, солардың барлығы да екпе алмағандар. Алмаса, болмайды. Себебі бұрын да алып жүрдік қой екпені бала кезімізден», – деді Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің директоры Төлеуғали Тайтөлеев.


Ел арасындағы түрлі алып-қашпа әңгімелер екпе егу қарқынына кедергі келтіріп тұрғаны жасырын емес. Алайда мамандар дүние жүзі бойынша 2 миллиардтан астам адам екпе алған болса, демек, вакцинаның тиімділігі жоғары деген пікір білдірді.


«Бізге осы пандемия жағдайында өмір сүруді үйрену керек. Вакцина коронавирус жұқтырудан 100 пайыз қорғамаса да, ауруды ауыр өткеруден және өлімнен қорғайды деп сенімді түрде айта аламын. Ал, вирус мутацияға ұшырағандықтан, екпе тиімсіз болып қалды деген жай ғана қауесет. Вакцинаның әр түрі әбден зерттелген әрі тиімділігін дәлелдеген», – деді Қазақ репродуктивті медицина асоциациясының президенті Вячеслав Локшин


Жаңа оқу жылы қарсаңында студенттерді қабылдауға дайындықтың ең маңызды бөлігі – ұжымдағылардың жаппай екпе алуы, - деді Қазақ ұлттық медицина университетінің қызметкері. Мұндағы қызметкерлер мен студенттердің 90 пайызы вакцина салғызыпты.


«Коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша жалғыз жол – вакцина алу. Өйткені қоғамдық иммунитет қалыптастыру үшін екпе алу керек. Мен өзім вакцина алдым. Алдымен мамандармен сөйлесіп, толық зерттедім», – деді С.Асфендияров атындағы ҚАЗҰМУ жастар саясаты басқармасының бас маманы Рымкеш Жармағанбет.


Айта кету керек, егу науқаны басталғалы қала бойынша 853 мың 5 адам екпенің 1-компонентін алса, 699 мың 67 адам вакцинаның 2 компонентін де салғызған. Оның 110 мың 236-сы - алпысты алқымдағандар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жаңа #оқу #жыл #Студент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика