"Жаңа кәсіптер атласы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

"Жаңа кәсіптер атласы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі

Алматы қаласы, Түрксіб ауданына қарасты Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінде үстіміздегі жылдың 22 ақпан күні, "Жұмысшы мамандықтар жылы" жобасының аясында жұмыс берушілермен, "Жаңа кәсіптер атласы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бүгінде әлем бұрын-соңды болмаған қарқынмен өзгеруде. Барлық өзекті трендтерден хабардар болып, жаңа сын-қатерлерге дайын болу үшін біз ең тәжірибелі жұмыс берушілерді жинап, «Жаңа кәсіптер атласын» – болашақтағы мансаптық мүмкіндіктер картасын ұсынды.

 Жұмыс берушілермен бірге колледждің әкімшілік құрамы еңбек нарығының қалай өзгеріп жатқанын, технологиялық және экономикалық трендтерге байланысты қандай жаңа кәсіптердің пайда болып жатқанын, сондай-ақ болашақ мамандар үшін қандай дағдылар негіз болатынын талқылады.

Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің директордың оқу өндірістік ісі мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Тлеуғазы Е.С., және  Бастасов С.Е. «Колледж: жетістіктер, мүмкіндіктер, және мамандықтар», «Альтернативті және экотранспорт технигі»  мен «Жаңа мамандықтар атласы» атты тақырыптарда баяндама жасады. Бүгінде еңбек нарығы жаңа технологиялар, экологиялық стандарттар және экономикалық факторлардың әсерінен қарқынды түрде өзгеріп келеді. Көлік саласы да бұл өзгерістерден қалыс қалмай, экологиялық таза шешімдерге көшуде. Осыған байланысты «Альтернативті және экотранспорт технигі» сияқты жаңа мамандарға сұраныс артып отырғандығын өз баяндамаларында сөзге тиек етті.

 

Көлік саласында «Атлас» электр көліктері, сутекті технологиялар және автоматтандырылған жүйелер сияқты болашағы зор бағыттарды атап көрсетеді.

«Альтернативті және экотранспорт технигі» мамандығы. Бұл мамандық электр көліктерімен және жаңа технологиялармен жұмыс істейтін мамандарды даярлауға бағытталған. Негізгі дағдылар:

                      Электр көліктері мен гибридтердің диагностикасы мен техникалық қызмет көрсетуі;

                      Аккумуляторлар мен зарядтау станцияларымен жұмыс істеу;

                      Ақауларды іздеу және оларды жою;

                      Көліктерді диагностикалауға арналған заманауи бағдарламаларды пайдалану болып табылады.

Яғни, экологиялық көлікке көшу — бұл жай ғана тренд емес, бұл — заман талабы. Осы салада мамандар даярлау компанияларға қажетті кадрларды табуға және уақытпен бірге ілгерілеуге көмектеседі.

Шарада көптеген пікір-таластар мен жаңа идеялар, бастамалар ұсынылды.

Дөңгелек үстел барысында айтылған мәселелердің негізгі қорытындыларына тоқталсақ, олар:

          *  Жаңа кәсіптер икемділікті және өмір бойы оқуға дайын болуды талап етеді.

          *  Технологиялар мен цифрландыру мансаптық өсудің жаңа мүмкіндіктерін ашады.

          * Пәнаралық дағдыларды дамыту және мәліметтермен жұмыс істеуді үйрену маңызды.

Сонымен қатар  шара барысында, арнайы келген әр сала қонақтарымен бірлесе отырып, колледж әкімшілік құрамы көптеген қызықты тақырыптарды бірлесе  талқылап, соның ішінде  жаңа әрі перспективалы мамандық – «Альтернативті және эко-көлік техникасының маманы» туралы тақырып барысындағы талқылауды ерекше негізге алды.

Экология мен тұрақты шешімдерге назар аудару артып келе жатқан қазіргі әлемде бұл мамандықтың маңызы арта түсуде. Сарапшылар электромобильдер, гибридті және сутегі технологияларының дамуына байланысты бұл көлік құралдарын жөндеу және қызмет көрсету саласында білікті мамандарға сұраныс арта беретінін атап өтті.

Болашақта осындай бағыттағы іс-шаралар, дөңгелек үстелдер көптеп өтуіне ұсыныстар айтылды.

Шараға белсенді қатысып, өз идеяларымен бөліскен қонақтарымызға алғыс білдіреміз! Мұндай кездесулер мансапты дамыту және еңбек нарығындағы өзгерістерге бейімделу мәселелеріне жауап табуға көмектесетініне кәміл сенеміз!

Дөңгелек үстелімізге қатысқан барлық сарапшылар мен қатысушыларға үлкен алғыс білдіре отырып, еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз!                                                                                           

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:51

17:45

17:40

17:34

17:22

17:17

17:17

17:02

16:56

16:53

16:43

16:36

16:23

16:17

16:07

16:03

15:52

15:42

15:34

15:16

14:57

14:42

14:24

14:04

12:53