ffin.kz

Жаңа жылдық безендіруге қай қала қанша жұмсады?

Жаңа жылдық безендіруге қай қала қанша жұмсады? Cурет: Baq.kz

Бюджеттен ең көп қаржы жұмсаған - Алматы қаласы


Қазақстан қалаларында мерекелік безендіруге бюджеттен қанша қаражат жұмсалғаны туралы ақпаратты отандық telegram-арналардың бірі жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бюджеттен ең көп қаржы жұмсаған - Алматы қаласы 224 000 000 тг. Clover media group ЖШС 1 - бас шырша, 7 - қала шыршасы, 74 жаңа жылдық металл ойыншық, 8 киіз үй, жұлдызды аспанды безендіру, 2 қасбет және басқа да қондырғыларды орнатуы тиіс болатын.


Нұр-Сұлтан шамамен 315 млн тг. 


Есіл ауданы – 151 930 000 тг, «Капитал Медиа» PR ЖК.  Жеткізушінің міндетіне мұз қалыптарын, қондырғыларды, құрғақ шкафтарды, киіз үйлерді, жалауларды және подиумды орнату кіреді.


Сарыарқа ауданы – 91 209 459 тг. OLIVIN Lighting ЖШС жарықтандыру құрылғыларын, гирляндаларды және сәндік қондырғыларды орнатумен айналысады.


Байқоңыр ауданы – 71 428 571 тг. «Талдықорған сәулет» ЖШС бұл аумақты 2021 жыл бойы безендіруі керек еді.


Қарағанды - 117 661 384 тг. «Қарағанды Көркем» ЖШС мерекеге орай 11 дизайн элемент дайындауы керек. Жаңа жылға - қаланың бас шыршасы, қала шыршасы, қар бүршіктері бар шырша, бұғылармен композиция және т.б.


Шымкент - шамамен 102 млн тг.


Қаратау ауданы – 38 138 399 теңге + 29 223 571 теңге.


Абай ауданы – 28 571 428 теңге. «Қарағанды Көркем» ЖШС бұл сомаларға ауданды үш қысқы мерекеге: тұңғыш президент күні, тәуелсіздік күні және жаңа жыл мерекелеріне безендірді.


Әл-Фараби ауданы – 4 464 285 теңге. Жалаушаларды орнату және жарықдиодты безендіру.


Еңбекші ауданында April жарнама агенттігі жеңіске жетті. Сомасы – 30 357 142 теңге. Жаңа жылды қоса алғанда 11 мерекеге арналған дизайн элементтерін дайындау.


Қостанай - 45 500 000 тг. NEW LEVEL ЖШС-ның міндетіне 22 м, 11 м шыршаларды орнату, ағаштарды гирляндалармен безендіру, «Махаббат», «Любовь», «Өмір» мүсіндерін орнату, «Рәміздер» стелласын орнату және көпқабатты ғимараттарды мульти-жарықтандыру.


Теміртау - 20 619 777 тг. Жеке кәсіпкер Зейтинова Ләйлә Тұрсынқызы 17 жарықдиодты фигура немесе фотоаймақ орнатуы тиіс болды.


Риддер - 17 852 140 тг. «Строеснова плюс» ЖШС биіктігі 17 метрлік шырша орнатуы және Республика даңғылының сәнін келтіруі керек еді.


Семей - шамамен 8 млн тг. 5 585 440 теңгені құрайтын конкурсқа 2022 жылғы инсталляциялар, гирляндалары бар арка және 7 сыйлық кіреді. Жабдықтаушы – «РАЙС KZ» ЖШС «Жұлдызды аспан» бөлек байқауда ойнатылды. IBY ЖШС 2 500 000 теңгеге орнатты.


Екібастұз қаласы - 6 500 000 тг. Ақша жаңа жылдық жарықтандыруды жасауға және орнатуға жұмсалды. Нақты неге екені айтылмаған, бірақ «15 дана жабдық блогын орнату» деп жазылған. Жеткізуші – «Азамат» ЖК.


Талдықорған жыл ішінде қаланы 13 439 998 теңгеге безендірді.


Өзге өңірлер туралы нақты дерек жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58