AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа жыл және пиротехника

Жаңа жыл және пиротехника

Әлеумет 23.12.2022, 07:11 2,000
Жаңа жыл және пиротехника
Сурет. Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматылық құтқарушылар қала тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады


Алматы құтқарушылары қала тұрғындарын жаңа жылдық іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өртке қарсы бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Төртқараев ӨКҚ алаңында сөйлеген сөзінде ескертті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Спикердің айтуынша, Алматыда жыл сайын жаңажылдық мереке күндері орта есеппен 11 өрт оқиғасы орын алады. Бұл ретте өрт оқиғаларының жалпы санының 18%-ға жуығы пиротехникалық бұйымдарды дұрыс пайдаланбау салдарынан орын алады.


Соңғы 5 жылда 56 өрт шыққан, оның 10-ы пиротехника салдарынан болған. 



«Өткен жылғы жаңажылдық мереке кезінде пиротехникалық бұйымдарға абайсыз қараудың салдарынан медициналық мекемелерге 39 адам (оның 29-ы балалар) жүгінген. Ауруханаға 8 адам жатқызылған, оның 7-еуі балалар», - деді ӨКҚ спикері статистикалық деректерден келтіре отырып.



Өрттердің алдын алу және ескерту, сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды дұрыс пайдаланбау салдарынан болатын жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Алматы қаласы ТЖД азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру шаралары кешенін жүргізуде.


Құтқарушылар жаппай адамдар тұратын нысандарда орнатылған 72 жаңажылдық шыршаны есепке алды. Олардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі тексеріліп, алдын алу шараларын күшейту бойынша ұсыныстар берілді.


Сондай-ақ, жаппай сырғанау үшін мұз айдындары ұйымдастырылатын 14 нысан назарға алынды, осы нысандардың иелерімен жаппай іс-шаралар өткізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді.


Алматы қалалық полиция департаментімен бірлесіп, «ПИРОТЕХНИКА» жедел-профилактикалық іс-шаралар жоспары келісіліп, бекітілді. Соған сәйкес, 25 желтоқсаннан бастап заң бұзушыларға жедел әрекет ету шараларын қолдана отырып, пиротехникалық бұйымдар сатылатын орындарда рейдтер ұйымдастырылады. 


Бұл ретте ТЖД қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды сатушылармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізеді, бұған дейін 20 кездесу мен дөңгелек үстелдер өткізіліп, оның барысында пиротехникалық бұйымдарды сақтау және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді.


Ерболат Төртқараев Алматы тұрғындары мен қонақтарына пиротехникалық бұйымдарды сатып алу тек арнайы дүкендерде ғана жүргізілуі керектігін, бұл ретте өнімнің қаптамасының мыжылған немесе деформацияланбауын қадағалау керектігін ескертті. Сондай-ақ өнімнің жарамдылық мерзіміне назар аудару керек, нұсқауларды мұқият оқу қажет!


Пиротехниканы құрғақ үй-жайда және жылу көздерінен барынша алысырақ сақтау керек. 
Пиротехниканы қолдану кезінде: 
-балалардың өз бетімен ракеталар мен петардаларды қосуына жол бермеңіз;
-қауіпті аймақ (50 метр) радиусында пиротехниканы қосуға кедергі болатын ештеңе жоғына көз жеткізіңіз; 
-пиротехниканы тұтату кезінде ешқашан қораптың үстіне еңкеймеңіз;
-фитильді тұтату кезінде қол созым аралығындай орын қалдырыңыз;
-өнімді қатты жел кезінде қоспаңыз;
-пиротехниканы, егер ол іске қосылмаған болса, қайта қосуға тырыспаңыз; 
-ракеталар мен фейерверктерді адамдар мен жануарларға қаратпаңыз, хлопушкаларды аяқ астына тастамаңыз;
-фейерверктерді қосу алаңы мен тұрғын үйлерге дейінгі ең аз қашықтық 50 метр болуы керек. Алаңда ағаштар, электр желілері және басқа да кедергілер болмауы керек, бұл отшашулар бағытын өзгерте алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жаңажыл #Сақтық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);