Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жамбыл облысында жел компоненттері зауытының құрыл...

Жамбыл облысында жел компоненттері зауытының құрылысы басталды

Әлеумет 01.12.2024, 11:49 972
Жамбыл облысында жел компоненттері зауытының құрылысы басталды
Жамбыл облысы әкмдігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысында Орталық Азияда теңдесі жоқ жел турбиналарының компоненттерін шығаратын зауыттың іргетасы қаланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жамбыл облысының Шу ауданында «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағында Орталық Азияда теңдесі жоқ зауыттың іргетасы қаланды. Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің орынбасары Ілияс Бақытжан, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, сондай-ақ Алматыдағы Қытай Халық Республикасының бас консулы Цзян Вэй мен SANY Renewable Energy компаниясының өкілдері қатысты.

Шарада құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және SANY Renewable Energy компаниясының атқарушы президенті Чжоу Фугуй жаңа жобаның маңыздылығын атап өтіп, оның Қазақстан экономикасы үшін зор мәні бар екенін айтты.

Жоба құны 53,6 миллиард теңге

Инвестициялық жобаны SANY Renewable Energy компаниясы мен отандық «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС бірлесіп жүзеге асыруда. Жалпы жобаның құны 53,6 миллиард теңгені құрайды. Зауыт 2025 жылдың соңына дейін қолданысқа берілуі жоспарланып отыр. Жаңа өндіріс ошағы жылына 2 ГВт жел электр станциясына қажетті құрал-жабдықтар шығаратын болады.

Жаңа жұмыс орындары мен білім беру мүмкіндіктері

Зауыттың құрылуы 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Жұмысшылардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінбек. Жоба тек ішкі нарықты ғана емес, сонымен қатар экспорттық әлеуетті де қамтамасыз етуге бағытталған.

Жамбыл облысындағы инвестициялық жобалар

Жамбыл облысында жалпы құны 3,3 трлн. теңгені құрайтын 80 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар 6 362 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шетелдік инвесторлардың қатысуымен 1,6 трлн. теңгеге 12 инвестициялық жоба іске асырылып, 4 500 жұмыс орны ашылады.

Жаңартылатын энергия көздерін дамыту

Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту бойынша көш бастап тұр. Өңірде жалпы қуаты 571,3 МВт-ты құрайтын 22 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 6 су электр станциясы (24,4 МВт), 10 жел электр станциясы (275,6 МВт), 6 күн электр станциясы (251,25 МВт) бар. 2024 жылдың 10 айында 588,4 млн. кВт/сағ. электр қуаты өндірілді.

Алдағы жылдары шетелдік әлеуетті компаниялармен бірлесіп, Мойынқұм, Талас, Сарысу аудандарында ірі жел электр станцияларын салу жоспарлануда.

«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағындағы жобалар

Сондай-ақ, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағын аралап, бірнеше өндіріс ошақтарының құрылыс қарқынын тексерді. Атап айтқанда, «Taraz Gelatin» (желатин, сабын, коллаген өндірісі мен тері өңдеу), «JVictorNewEnergy» (кремний өндірісі) және «Kazakhstan Hydrogen Peroxide» (сутегі асқын тотығы өндірісі) сынды өндірістердің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Алдағы жоспарлар

Жалпы, «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағында 19 жобаны жүзеге асыру көзделген. Қазіргі таңда 3 өндіріс іске қосылып, жеті жобаның құрылысы жүріп жатыр.

Бұл жобалар Жамбыл облысының экономикасын одан әрі нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің индустриалды даму деңгейін арттыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зауыт #әргетасы қаланды #инвестициялық жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Кеше 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Кеше 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Кеше 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Кеше 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Кеше 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика