Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жайлы қалалық орта құру: көріктендіру және көгалда...

Жайлы қалалық орта құру: көріктендіру және көгалдандыру жобаларын қаржыландыру 40%-ға өсіп, 170 млрд теңгеге жетті

Әлеумет 18.12.2024, 12:32 701
Жайлы қалалық орта құру: көріктендіру және көгалдандыру жобаларын қаржыландыру 40%-ға өсіп, 170 млрд теңгеге жетті
видеодан алынды

Алматыда қала көріктендіру мен көгалдандыру жұмыстарына бөлінетін қаражат 2024 жылғы 121,6 млрд теңгеден 2025 жылы 170,5 млрд теңгеге дейін 40%-ға көбейеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Көріктендіру мен көгалдандыру – жайлы қалалық орта құру мен тұрғындардың өмір сапасын арттырудың негізгі құрамдас бөліктері. Осыған байланысты Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» акциясы экологияны жақсартуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға бағытталған», – деді Ерболат Досаев. 

2023 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы әкімдігі жаңа жасыл желектерді қорғау және күту ережелерін енгізуді белсенді түрде қолға алды. Ал биылғы шілде айында жайлы қалалық ортаны қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласын көріктендірудің жаңа ережелері қабылданды. 

Айта кетейік, жаңа көріктендіру ережелері «Таза Қазақстан» республикалық акциясының идеясына негізделген және елді мекендердің аумағын көріктендірудің республикалық үлгілік ережелеріне сәйкес әзірленген.

Жасыл екпелерді қорғау және күту ережелері Мемлекет басшысының Алматыда жаңа рекреациялық аймақтар құру және көгалдандыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында қабылданды. Бұл ретте, жаңа көшеттерге қойылатын талаптар күшейтіліп, жасыл екпелерді күту және қорғау нормалары арттырылды, сондай-ақ суару жүйесін орнату міндетті болып бекітілді. Жыл сайын қалада 320 мың ағаш пен бұта отырғызу жоспарлануда. 2023-2024 жылдары 500 шақырым автосуару және тамшылатып суару желілері орнатылды. Ал 2025 жылы тағы 290 шақырым желі орнатылып, миллионнан астам ағашты автосуару жүйесімен қамту жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда аулаларды кешенді күтіп ұстауға арналған үш жылдық келісімшарттар енгізілген. Олар санитарлық тазарту, көріктендіру элементтерін жөндеу және жасыл аймақтарды күту жұмыстарын қамтиды. Сонымен қатар, магистральдық көшелер бойындағы үйлердің қасбетін жөндеуге қатысты тәсілдер қайта қаралды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #экономика #көріктендіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Бүгін 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика