конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / IX қысқы Азия ойындары: Ербол Мырзабосынов ұлттық...

IX қысқы Азия ойындары: Ербол Мырзабосынов ұлттық құрама командаларының дайындығы туралы кеңес өткізді

Әлеумет 14.10.2024, 18:23 1,042
IX қысқы Азия ойындары: Ербол Мырзабосынов ұлттық құрама командаларының дайындығы туралы кеңес өткізді
ҚР Туризм және спорт министрлігі

Байрақты бәсеке 2025 жылдың 7-14 ақпанында Қытайдың Харбин қаласында ұйымдастырылады.

Елордада ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен IX қысқы Азия ойындарына ұлттық құраманың дайындығына арналған жиын өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Іс-шараға министрлікке бағынысты ұйымдардың басшылары, қысқы спорт түрлері федерацияларының бас хатшылары, мемлекеттік жаттықтырушылар және ұлттық құрама командаларының бас жаттықтырушылары қатысты. Жиында Ербол Мырзабосынов қысқы Азия ойындарының басталуына санаулы ай қалғанын еске салып, сары құрлық додасына құраманы тынғылықты дайындауға қатысты нақты мәселелерді ашық талқылау керек екенін жеткізді.

«Ел намысы сыналатын осындай халықаралық додаларда ұлттық құраманың табысты өнер көрсетуі Қазақстанның имиджін көтереді. Қысқы Азия ойындарында біздің спортшылар тәуір нәтиже көрсетіп жүр. Сондықтан алдағы байрақты бәсекеде жоғары жетістікке жету үшін бар күшімізді салу қажет», – деді Туризм және спорт министрі.

Сондай-ақ жиында елімізде қысқы спорт түрлерін дамыту мәселелері де талқыланды. Айта кетейік, қысқы Азия ойындары 1986 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ал Харбин аталған ойындарды осымен екінші мәрте қабылдамақ. Бірінші рет 1996 жылғы өткізген болатын. Алдағы ойындарда 11 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады. Спортшылар шорт-трек, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, керлинг, тау шаңғысы, сноубординг, фристайл, шаңғы жарысы, биатлон және шаңғы альпинизмінен сынға түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Азия ойындары #құрама #қысқы ойын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ALMA LOVE 2026 фестивалі басталды: алғашқы күн EcoDay экологиялық акциясымен өтті

Бүгін 09:27

Дүйсенбінің ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:59

Пашинян Армения үкіметінің тізгінін қайта қолға алды

Кеше 17:04

Алматылық "Қайрат" ФК Болгарияға аттанды

Кеше 14:19

Алматы облысында кәмелетке толмаған қыз із-түзсіз жоғалып кетті.

Кеше 11:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);