AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / IX Халықаралық театр фестивалі өтіп жатыр

IX Халықаралық театр фестивалі өтіп жатыр

Мәдениет 06.11.2024, 19:41 1,223
 IX Халықаралық театр фестивалі өтіп жатыр
Сурет: Gov.kz

Шымкент қаласында Орталық Азия елдері мен түркітілдес мемлекеттерінің театр өнері саласындағы ынтымақтастық пен достық байланыстарды нығайту шеңберіндегі IX Халықаралық театр фестивалінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығына арналған фестивальді Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова ашып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің құттықтауын оқып берді.

«Сіздерді театрдың 95 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Қазақтың ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушы Жұмат Шаниннің есімін иеленген өнер ордасының ұлт руханиятын дамытуда алатын орны биік. Ғасырға жуық тарихы бар театр әр жылдары талай сахна саңлағының бағын ашты, бағытын айқындады. Бұл өнер қара шаңырағында халқымыздың біртуар таланттары Хадиша Бөкеева, Әмина Өмірзақова еңбек еткен. Қазақ драма театры бүгінгі таңда көрерменін сапалы қойылымдармен қуантып, тағылымы мол, талғамы биік туындылар сахналауда», – делінген құттықтау хатта.

Алты күн бойы Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Татарстан, Әзірбайжан және Қазақстан театрларының үздік спектакльдері көрсетіледі. Фестиваль бағдарламасында спектакльдерді талқылау үшін жетекші театр сыншылары қатысатын дөңгелек үстелдер, сондай-ақ, шетел педагогтары өткізетін театр режиссерлері, актерлері мен менеджерлеріне арналған шеберлік сағаттары жоспарланған.

Іс-шара 11 қарашаға дейін жалғасады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#театр #фестиваль #халықаралық #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан Елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

Бүгін 17:01

Қай банк зейнеткерлерге ипотека береді?

Бүгін 16:27

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Бүгін 15:45

Прокуратураның цифрлық трансформациясы: депутаттарға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи технологиялары таныстырылды

Бүгін 15:36

Алматыда жас сарапшылардың мегаполисті дамытуға арналған талдамалық зерттеулері таныстырылды

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);