AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Юрий Ильин: Жарылыс салдарын жою үшін тағы 2-3 күн...

Юрий Ильин: Жарылыс салдарын жою үшін тағы 2-3 күн керек

Әлеумет 29.08.2021, 12:34 1,439
Юрий Ильин: Жарылыс салдарын жою үшін тағы 2-3 күн керек
сурет: Primeminister.kz

Оқиға орнында мүлікке келген залалды бағалайтын комиссия жұмыс істеп жатыр.


ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин БАҚ өкілдеріне Жамбыл облысындағы жарылыс салдарын жою үшін қанша күн керек екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.



«Бүгінгі таңда екі қоймада бықсып жатқан ошақтар бар. Осы мәселе бойынша жиналыс өткіздік. Қорғаныс министрлігінің саперлері мен өрт сөндіру қызметі аталған ошақтарда жұмыс істеп жатыр. Жарылмай қалған оқ-дәрілер бар. Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері бықсып жатқан ошақтарды өшіру үшін су тасып, эвакуацияланған тұрғындарды үйлеріне қайтарумен айналысып жүр. Оқиға орнында мүлікке келген залалды бағалайтын комиссия жұмыс істеп жатыр. Меніңше, жақын күндері олар қираған мүлікті қалпына келтіруге кіріседі. Қауіп толық сейілмегенін ескерсек, оқиғаның эпицентрінде қайта жарылыс болуы мүмкін. Теміржол бойынша жүк тасымалы тоқтап тұр. Ал жолаушылар тасымалы бүгін шешілуі керек деп ойлаймын», - деген министр әлі де асығуға болмайтынын түсіндірді.


«Мұның бәрі жалпы ахуалға байланысты. Өйткені қирандыларды аршып, тазарту үшін біраз уақыт керек, көп шығын кетеді. Онда оқ-дәрімен жұмыс істеп жатқан саперлердің амандығы маңызды екенін түсінетін шығарсыздар. Бетін әрі қылсын, асығыстық жасап, оларды қауіпке итермелей алмаймыз. Жарылыстың салдарын толық жою үшін арнайы жұмыс тобымен, әкімдікпен, Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып, тағы екі-үш күн жұмыс істеу қажет болады деп ойлаймын», - деді Юрий Ильин БАҚ өкілдеріне.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жамбылдағы жарылыс #оқиға #комиссия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);