AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Юрий Ильин: 285 елді мекенді су басу қаупі бар

Юрий Ильин: 285 елді мекенді су басу қаупі бар

Әлеумет 22.02.2022, 04:30 1,268
Юрий Ильин: 285 елді мекенді су басу қаупі бар
vestivrn.ru

Қазақстан бойынша 285 елді мекенді су басу қаупі бар. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет отырысында осындай мәлімет берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Әуелі ол 2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі жол картасы шеңберінде 41,9 млрд теңгеге 402 іс-шара іске асырылғанын еске салды. Ал 2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша су тасқыны қаупі бар елді мекендерді қорғауды көздейтін 148 іс-шара қолға алынған. Айтуынша, соның арқасында 158 елді мекенді тасқыннан қорғау артпақ.



«Жалпы, су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру 340 елді мекеннен су басу қаупін алып тастады және 385 елді мекенде қауіп барынша азайтылды. Бүгінгі күні су тасқыны қаупі бар 1010 елді мекеннің 285-і үшін қауіп сақталуда», - деді Юрий Ильин.



Оның мәліметі бойынша, елдің таулы аймақтарында мұздықтардың қарқынды еруі де тасқын қаупін жоғарылатып отыр.



«Біз каналдарды тазалау, жарылу қаупі бар 17 мұздақ көлде сифондар орнату сияқты алдын алу іс-шараларын жүргіздік», - деді министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #көктем #субасу #Ильин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);