конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Иттерін тұмылдырықсыз серуендеткен 400-ге жуық аза...

Иттерін тұмылдырықсыз серуендеткен 400-ге жуық азаматқа айыппұл салынды

Әлеумет 09.12.2024, 17:10 738 Nursok82
Иттерін тұмылдырықсыз серуендеткен 400-ге жуық азаматқа айыппұл салынды
Сурет: Gov.kz

Иттерді қоғамдық орындарда серуендетудің өз тәртібі бар. Алайда бұл ережелердің жиі бұзылуы адамдардың қауіпсіздігіне әсер етеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Павлодар облысында жыл басынан бері жануарларын қарғыбаусыз немесе тұмылдырықсыз серуендеткен 400-ге жуық ит иесі жауапқа тартылған.

Қоғамдық орындарда жануарларды ұстау ережелері қандай және оларды бұзу қандай салдарға әкеледі? Осы сұрақтарға жауапты полиция өкілдері түсіндіреді. Үй жануарларын серуендету – әрбір иесінің жауапкершілігін талап ететін маңызды мәселе. Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руфат Кенжиннің айтуынша, жануарларды тек арнайы белгіленген орындарда серуендетуге рұқсат етіледі. Алайда иелері көбінесе жануарларын балалар алаңдарында, серуендеу алаңдарында немесе адамдар көп жиналатын жерлерде серуендетіп жатады. Бұл жерлерде иттің қарғыбауынан босап кету қаупі бар. Егер ол біреуге физикалық зақым келтірмесе де, психологиялық жарақат салуы мүмкін.

– Мұндай бұзушылықтар туралы тұрғындар, өтіп бара жатқан адамдар немесе арнайы рейдке шыққан инспекторлар хабарлайды, – дейді Руфат Кенжин.

Иттерді тұмылдырықсыз және байлаусыз серуендету – жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың бірі. Еркін жүрген агрессивті ит айналадағы адамдарға қауіп төндіреді. Жыл басынан бері Павлодар облысында мұндай заңбұзушылықтар үшін 400-ге жуық ит иесіне әкімшілік жаза қолданылған. Мәселен, Павлодар қаласының полициясына тұрғындар көшеде тұмылдырықсыз жүрген ротвейлер туралы хабарлаған. Тексеру барысында оның иесіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, жануарды ұстау ережелерін қатаң сақтау жөнінде профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Егер сіз үй жануарының иесі болсаңыз, жануарыңыздың көшеде бақылаусыз жүрмеуін қадағалап, оны міндетті түрде қарғыбаумен серуендетуіңіз қажет. Сонымен қатар иттер мен мысықтарды келесі орындарда серуендетуге тыйым салынады: тұрғын үйлердің аулаларында,

балалар алаңдарында,

мектепке дейінгі мекемелердің және мектептердің аумағында,

денсаулық сақтау мекемелерінің маңында,

стадиондарда, саябақтар мен скверлерде.

Егер жануар ойын алаңдарында, көгалдарда немесе тротуарларда нәжіс қалдырса, оны тазалау – иесінің тікелей міндеті. Бұл ережелерді сақтамаған жағдайда, құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Полиция қызметкерлері ит иелерін жануарларды күтіп-ұстау ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Әрбір иесі өзінің жануары үшін жауапты екенін ұмытпағаны жөн. Бұл – өзге адамдардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ит #серуендету #Тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды: «Халық Конституциясы – Әділетті Қазақстанның төлқұжаты»

Бүгін 00:13

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

Кеше 18:06

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды

Кеше 17:38

Шерзод Давлатов Еуропа кубогының чемпионы атанды

Кеше 17:33

Евгений Данилов пен Богдан Бобров РПТ турнирінің күміс жүлдегерлері атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);