конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / IT саласының үздігімен мотивациялық кездесу өтті

IT саласының үздігімен мотивациялық кездесу өтті

Әлеумет 14.11.2024, 13:21 1,013 Естай БОЖАН
IT саласының үздігімен мотивациялық кездесу өтті
aqshamnews.kz

Алматыдағы №176 мектеп-гимназиясында оқушыларға арналған мотивациялық кездесу өтті. "Еңбек - еңсе көтереді" жобасы аясында өткен мағыналы кездесудің бас кейіпкері IT саласының үздігі Айболат Құлтай болды.

Өз еңбегімен еңсе көтерген білікті маманмен кездесуге мектептің 10-11 сынып оқушылары қатысты. Мамандық таңдау алдында тұрған оқушылар үшін арнайы ұйымдастырылған шараны Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы Қоғамдық даму орталығының қолдауымен ұйымдастырған болатын.

Кездесу барысында IT маманы Айболат Құлтай өзінің мамандық таңдау кезіндегі және студенттік кездегі тәжірибелерімен бөлісе отырып, таңдаған мамандығының өміріне қалай әсер еткенін баяндады. Әрі өзінің IT жобаларының жасалу барысын, олардың қызметі мен нәтижелерін, алдағы жоба-жоспарларымен бөлісті.

"Кездесуде өз саламның төңірегінде даму тенденцияларын жас жеткіншектерге түсіндірсем деймін. IT жобаларымды таныстыра отырып, болашақ маман иелерінің бұл салаға деген түсінігін, қызығушылығын арттыруды мақсат етіп келдім. Қазір бұл сала бойынша Қазақстан да әлем көшінен шеткері қалып жатқан жоқ, тіпті кейбір еуропалық елдерден де алда кеткен жақтарымыз бар. Жалпы, бұл сала бойынша елімізде мүмкіндік өте жоғары. Бұл туралы оқушылар білсе және болашақ сұранысы бар осы салаға көңіл аударса деген үмітім бар," – дейді Айболат Құлтай.

Аталған салада еңбек етіп келе жатқан азамат бұған дейін елге белгілі болған Aqyl Battle мобильді интеллектуалды ойыны мен @sez.app қосымшасының авторы. Әрі Thousand IT компаниясының негізін қалаушы.

"Әлемде де, елімізде де IT мамандарына деген тапшылық байқалады. Елімізде 2025 жылдың өзінде 100 мың IT маманына деген тапшылық болатыны бұған дейін Мемлекет басшысы да атап өткені бар. Сондықтан мамандық таңдау алдындағы оқушылардың бұл салаға бет бұруы, қызығушылық танытуы маңызды деп ойлаймын," – дейді сала маманы.

Жоғары сынып оқушылары өздеріне қатысты бұл кездесуге қызығушылық танытты. Кейіпкермен сұрақ-жауап барысында оқушылардың осы салаға деген ынтасы жоғары екені де байқалды.

"Еңбек - еңсе көтереді" әлеуметтік жобасы аясында мұндай кездесулер бұған дейін де қаладағы бірқатар мектепте өткізілген. Ұйымдастырушы ретінде "Жауһар" қоғамдық қорының жетекшісі Нұрислам Исмайыл жобаның басты мәні мектеп бітіру алдындағы оқушылардың заманауи сын-қатерлерге бейімділігін арттырып, болашақта табысты тұлғаға айналуына ықпал ету деп санайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Айболат Құлтай #мотивация #маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

КҮЙЕУ ЖІГІТТІҢ СӘЛЕМІ: Трендті дәстүрмен шатастырып жүрміз бе?

Бүгін 12:51

"Қазгидромет" алматылықтарға тағы да ескерту жасады

Бүгін 12:10

Алматы қаласында сайлау алдындағы үгітті ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

Бүгін 12:03

Азаматтардың 72%-ы сайлауда дауыс беруге дайын – Еуразиялық интеграция институтының сауалнамасы

Бүгін 11:44

Алматы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында туризмді дамыту бағытындағы жұмысы үшін үш халықаралық марапатқа ие болды

Бүгін 11:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);