AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Ислам Байрамуков министрдің кеңесшісі болып тағайы...

Ислам Байрамуков министрдің кеңесшісі болып тағайындалды

Билік 02.11.2021, 06:58 1,243
Ислам Байрамуков министрдің кеңесшісі болып тағайындалды
Сурет: Тengrinews.kz

Ислам Ілиясұлы Байрамуков Грек-рим күресінен Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері. Екі дүркін Азия кубогының иегері. 2000 жылы Азия чемпионы, еркі мәрте Шығыс Азия ойындарының чемпионы.


Министрдің бұйрығымен Ислам Байрамуков Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ислам Ілиясұлы Байрамуков 1971 жылы 12 маусымда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Каменка ауылында дүниеге келген. Грек-рим күресінен Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері.


Екі дүркін Азия кубогының иегері. 2000 жылы Азия чемпионы, еркі мәрте Шығыс Азия ойындарының чемпионы, бірнеше дүркін ел чемпионы атанған.


1989-1993 жылдары Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтында, 2001-2003 жылдары Қазақ ұлттық университетінде, 2003-2005 жылдары Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік-гуманитарлық университетінде оқыған.


2004 жылы спорттан кетіп, педагогикалық салаға ауысады. Жұмыс тәжірибесі: 1986 жылдан 1989 жылға дейін Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы Алматы олимпиадалық резерв училищесінде спорт жаттықтырушысы;


1989 жылдан 1993 жылға дейін Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институты. Спорт жаттықтырушысы-оқытушы;


1993 жылдан 2004 жылғы дейін еркін күрестен Қазақстан Республикасының штаттық құрама спортшысы;


2007 жылдан 2009 жылға дейін еркін күрестен Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы;


Қоғамдық қызметі: 2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында. Қазақстанның қарашай және балқарлар қауымдастығы төрағасының орынбасары.


Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Жастар қанатының төрағасы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2000 жылы «Парасат» орденімен марапатталған, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалінің иегері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ислам #байрамуков #спорт #кеңесші #чемпион
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);