AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ішкі істер министрлігі киберқылмыстың жаңа әдістер...

Ішкі істер министрлігі киберқылмыстың жаңа әдістері туралы ескерту жасады

Заң мен тəртіп 14.04.2026, 09:45 184 yakiya
Ішкі істер министрлігі киберқылмыстың жаңа әдістері туралы ескерту жасады

Енді алаяқтар ресми хабарламалар мен чат-боттарды пайдалана бастады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алаяқтар мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының атынан жалған құжаттар жіберіп, ресми мекемелермен байланыс орнатқандай әсер қалдыратын автоматтандырылған сервистер мен чат-боттарды жиі қолданатын болған. Бұл жайлы ведомство өкілі Бейбіт Біржанов айтып берді.

«Азаматтарға бейнеқоңыраулар арқылы белгісіз тұлғалар жалған бейне мен дауысты пайдалана отырып, өздерін полиция қызметкерлері, ұлттық қауіпсіздік органдары немесе банктердің қауіпсіздік қызметінің өкілдері ретінде таныстыратын жағдайлар тіркелуде. Күдікті операцияларды анықтау немесе ақшаның сыртқа шығу қаупі деген сылтаумен олар азаматтарды ақшаны шұғыл түрде «қауіпсіз шоттарға» аударуға көндіреді», – дейді ол.

Осыған байланысты министрлік құқық қорғау органдары мен банк қызметкерлері ешқашан бейнеқоңырау арқылы ақша аударуды талап етпейтінін, жеке құпия мәліметтерді сұрамайтынын және телефон арқылы қаржылық операциялар жүргізуді ұсынбайтынын қатаң ескертеді.

Мамандар азаматтарды алаяқтықтан сақтану үшін бейтаныс адамдардың нұсқауларын орындамауға, жеке банк деректерін бермеуге және кез келген күмәнді ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырады. Қандай да бір алаяқтық әрекеттерге тап болған жағдайда дереу полицияға хабарлау қажет.

Осыдан бір апта бұрын прокуратура өкілдері азаматтарға жалған хабарлама таратып, құпия дерегін, банк есепшотындағы қаржысын ұрлаған қылмыстық топты ұстаған еді. «Beeline» және «Halyk Bank» компаниялары атынан жалған хабарлама жіберіп, сол арқылы жеке деректерін ұрлап отырған

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаяқ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);