AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Инженер мен дәрігер маман жетіспей жатыр

Инженер мен дәрігер маман жетіспей жатыр

Әлеумет 12.05.2026, 11:24 436
Инженер мен дәрігер маман жетіспей жатыр

Enbek.kz порталының мәліметінше, «акушер-гинеколог» мамандығы бойынша 469 бос жұмыс орнына небәрі 100 түйіндемеден келеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Тізімге енгізілген мамандықтар бойынша шетелдік жоғары білікті кадрларға Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу мүмкіндігі беріледі. Бұл тетік басым бағыттарға қажетті мамандарды тартуды көздейді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелеріндегі деректерге сәйкес, 2026 жылдың басынан бері бірқатар мамандықтар бойынша кадр тапшылығы сақталып отыр.

Мәселен, Enbek.kz порталының мәліметінше, «акушер-гинеколог» мамандығы бойынша 469 бос жұмыс орнына небәрі 100 түйіндемеден келеді. «Педиатр» мамандығы – 448 вакансияға 139 түйіндеме, ал «анестезиолог-реаниматолог» бойынша 300 бос орынға 75 түйіндеме ғана тіркелген. Сонымен қатар онколог, неонатолог және эндокринолог мамандарына да сұраныс жоғары.

Бұған қоса, ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарға да қажеттілік артып отыр. Атап айтқанда, қолданбалы бағдарламашылар (509 вакансия), графикалық дизайнерлер (355 бос жұмыс орны) сұранысқа ие.

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің деректеріне сәйкес, сұранысқа ие мамандықтар бойынша 45 мыңнан астам еңбек шарты жасалған. Оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушілері шамамен 8 мың, акушер-гинекологтер – 4,6 мың, педиатрлар – 4,1 мың және қолданбалы бағдарламашылар  3,5 мың еңбек шартын құрайды.

Сонымен қатар шетелдік жұмыскерлермен 55 еңбек шарты рәсімделген. Олардың басым бөлігі «автоматтандыру инженері» мамандығына тиесілі.

Салыстырмалы түрде алғанда, 2025 жылы Enbek.kz порталында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 9 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланған. Медицина саласының мамандары дәстүрлі түрде жоғары сұранысқа ие болып отыр.

Жалпы, келтірілген деректер ішкі еңбек нарығы сұранысқа ие мамандықтардың басым бөлігі бойынша қажеттілікті қамтамасыз етіп отырғанын көрсетеді. Дегенмен денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығы әлі де өзекті болып қалып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Бүгін 19:09

«Заң мен тәртіп»: Алматы жастары «Есірткісіз Қазақстан» акциясын қолдады

Бүгін 18:42

Алматылық спортшылар Азия ойындарында Қазақстан қоржынын жүлдемен толтыруда

Бүгін 18:38

Алматыда Бәшен Баймұратованың 100 жылдығына арналған кездесу өтті

Бүгін 18:30

«Заң мен тәртіп»: Алматы жастары «Есірткісіз Қазақстан» акциясын қолдады

Бүгін 18:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);