Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Инклюзивтік білім берудің сарапшысы Айгерім Кудери...

Инклюзивтік білім берудің сарапшысы Айгерім Кудеринова студенттермен кездесті

Әлеумет 22.09.2022, 11:25 1,315
Инклюзивтік білім берудің сарапшысы Айгерім Кудеринова студенттермен кездесті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Іс-шараның тақырыбы – «Қазақстандағы инклюзивті білім беру үрдісі».


21 қыркүйекте Абай университетінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры Айгерім Кудеринованың студенттермен бейресми кездесуі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кездесуге Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов, Педагогика және психология институтының директоры Ғалия Абаева және студенттер қатысты.


Кездесудің мақсаты – еліміздегі педагогика саласында болып жатқан өзгерістерді түсіндіру, сұраныстағы мамандықтардың қыр-сырымен бөлісу, болашақ ұстаздарға бағыт-бағдар беру.


Ректор білім беру саласында инклюзивті білім берудің маңыздылығына тоқталып, мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан бастамаларды атап өтті. Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытатын мектептерді жоғары кәсіби мамандармен қамтамасыз ету міндет екенін айтты. Себебі, өкінішке қарай, олардың саны артып келеді.



Инклюзивтік білім берудің тәжірибелі сарапшысы Айгерім Кудеринова студенттерге инклюзивтік білім берудің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы жан-жақты айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, университет студенттері еркін форматта педагогикалық іс-тәжірибе барысында жинақтаған тәжірибелері туралы айтып, жалпы және инклюзивті білімге мұқтаж балалармен қалай жұмыс істеу керектігі туралы көтерілген сұрақтар бойынша өз пікірлерін білдірді.


Абай атындағы ҚазҰПУ инклюзивті білім беруді дамытуға лайықты үлес қосып келе жатқанын айта кеткен жөн. Мәселен, осы жылы «Дара» қорының қолдауымен инклюзивті білім берудің оқу-зерттеу зертханасы ашылды, онда осы саладағы сарапшылармен бірлесіп инклюзивті және арнайы білім беру саласында зерттеулер жүргізіледі, студенттерді оқыту және жаңа формациядағы білікті, практикаға бағдарланған педагог кадрларды даярлауда зертхана ресурстары мен жаңа салалық технологияларды пайдалану күшейтілді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Студент #білім #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02

Алматыда жүргізушілер көлігінің шығарындысын тегін тексере алады

Бүгін 15:59

Суасты сырлары: Алматыда ерекше көрме ашылды

Бүгін 15:49

«Тumar tunes» – атты « Тumar KBTU» оркестрінің есептік концерті өтеді

Бүгін 15:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика