Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Инклюзивті қоғам құру басты мақсат!

Инклюзивті қоғам құру басты мақсат!

Әлеумет 05.12.2023, 11:48 1,255
Инклюзивті қоғам құру басты мақсат!
Сурет: ашық дереккөз

3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні. 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен мүмкіндігі шектеулі жандарды қорғау мақсатында осы күн бекітілген еді. Осылайша әлемдік деңгейде мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға әлеуметтенуіне, оларға жағдай жасау сияқты мәселелерге баса назар аударды.


Жаһандық бастаманы Қазақстан да қолдайды. Инклюзивті қоғам құру жолында Алматы қаласының тәжірибесі көпшілікке үлгі болмақ.



Осы бағытта қаламызда атқарылып жатқан шаралар туралы Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов өз сөзінде атап өтті.



Оның сөзінше Алматыда 56 мың мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Олардың 700-ден астамы түрлі салада жұмыс істейді. Биыл оларды қолдау мақсатында Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен инватакси жобасы, қаламыздағы бүкіл нысандарды мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасауы үшін паспорттау жобасы жүзеге аса бастады.




Біздің қоғамдағы ең үлкен мәселердің бірі арбада отырған адамдардың үйінен шыға алмауы. Әр үйде 6 баспалдақ бар. Арбаға таңылған жандар үшін емін-еркін үйден шыға алмайды. Шетелмен салыстырғанда оларда кедергі деген ұғым жоқ.



Ол жерде әлеуметтік мәселе жақсы қаралған. Біздің болашақта салынып жатқан үйлердің бәрінде мүмкіндігі шектеулі жандарға барша мүмкіндік қарастырылып жатыр. Бүгінгі көтерген тақырып өте көп. Жиналыс соңында осы мәселелерді қабылдаймыз, — дейді Алматы мүгедектер қоғамы төрағасының орынбасары Ұлан Іңкәрбеков.



Бұл Форум бұрынғыдан өзгерек себебі:
-TED конференция
-Town Hall
-Нетворкинг сынды үш бөлімді құрады. Алғашқы бөлімде мүмкіндіктер қоғамын құру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік, республикалық және халықаралық ұйымдардың спикерлері мен сарапшылары өз тәжірибесімен бөлісті.




Бұл әлеуметтік жобаның аздаған ерекшелігі бар. Аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары осы клубқа келіп тәлім-тәрбие алады. Бұл форумда қойылған, көрсетілген құралдардың барлығы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған. Біз ол кісілерді жұмысқа тартамыз. Бірақ көбінесе біз балалармен жұмыс істейміз, — дейді Раиса Мұсабекқызы.



Инклюзивті қоғам құрып жатырмыз, инклюзивті экономика құрып жатырмыз. Инклюзивті инфраструктура құрып жатырмыз. Қоғам әр адам өзінің көзқарасын өзгертсе онда мүгедектігі бар адамдар ешқандай өзінің шектеуін сезінбейді. Бізбен қатар қоғамда өмір сүреді жұмыс істейді. Қоғамда белсенді болады. Мүмкіндіктер форумы деген форумның басты мақсаты осы,- дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.




Шараға отандық және шет елдік үкіметтік емес ұйым өкілдерімен қатар мемлекеттік сектор өкілдері қатысты. Парламент Сенатының депутаты Ляззат Қалтаеваның сөзінше мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында бірнеше бағытта заң жобалары қабылданды.




(дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инклюзив #мүгедектер #әлеумет #қоғам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Бүгін 10:24

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика