Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Инклюзивті Алматы: қала әр тұрғынның қажеттіліктер...

Инклюзивті Алматы: қала әр тұрғынның қажеттіліктеріне қалай бейімделеді

Әлеумет 08.01.2025, 11:55 958
Инклюзивті Алматы: қала әр тұрғынның қажеттіліктеріне қалай бейімделеді
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «ITeachMe» қоғамдық қорының директоры Захира Бегалиева мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді қалалық ортаны құру бойынша негізгі көрсеткіштер мен жоспарларды айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

ӨКҚ спикері атап өткендей, Алматы қаласы инклюзивті орта құру бойынша Қазақстанда көшбасшы орынға ие. 2024 жылы көптеген маңызды жобалар жүзеге асырылды және 2025 жыл тең мүмкіндіктер қоғамын құру жолында маңызды кезең болмақ. Мүгедектігі бар адамдар үшін кедергілерді жоюға және құқықтарының теңдігін қамтамасыз етуге баса назар аударылады.

Негізгі жетістіктердің ішінде қала өмірінің 15 бағыты мен 90 жобаны қамтитын үздік әлемдік тәжірибелерге негізделген «Инклюзивті Алматы» бағдарламасы атап өтілді. Ол білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спортта тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған.

«Халықаралық саясат аясында Қазақстан Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялап, 2023 жылы оған Факультативтік хаттамаға қол қойды. Бұл бастамалар мемлекет деңгейінде әлеуметтік қорғауды күшейтуге ықпал етеді», - деп бөлісті З. Бегалиева.

Алматыда қалалық саясатқа инклюзивті тәсілдерді белсенді енгізетін инклюзия мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшінің рөлі күшейтілді.

2025 жылы 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасының жаңа кезеңін іске асыру басталады. Негізгі мақсат - мүгедектіктің Медициналық және қайырымдылық моделінен Әлеуметтік және адам құқықтарын қорғауға көшу. Бұл әркімнің толыққанды өмір сүруіне жағдай жасай отырып, физикалық, құқықтық және ақпараттық кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қалалық бағдарламаларды әзірлеуде қолданылатын Берлиннің тәжірибесіне ерекше назар аударылады. Бұл ынтымақтастық алғашқы жемісін берді: Алматы өзінің «Инклюзивті Алматы» бағдарламасын әзірледі.

Қорытындылай келе, З.Бегалиева бұл шаралардың сәтті жүзеге асырылуы Алматыға әрбір тұрғын физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан толыққанды және белсенді өмір сүре алатын қала болуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #инклюзив #мүгедек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Бүгін 10:24

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика