конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / «Информбюро» өзінің 30 жылдығына орай Алматыға ша...

«Информбюро» өзінің 30 жылдығына орай Алматыға шахмат алаңын сыйлайды

Алматы 11.08.2026, 10:15 17
«Информбюро» өзінің 30 жылдығына орай  Алматыға шахмат алаңын сыйлайды

, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Отыз жыл бойы «Информбюро» елдегі  басты оқиғаларды бақылап, саралап, көрермендерін ақиқат хабарларымен  ақпараттандырып, күрделі үдерістерді түсіндіріп, адамдардың тағдырына қатысты мәселелерді назардан тыс қалдырмай, бағдарлап келеді.  Енді міне, «31 арнаның» басты ақпараттық бағдарламасы өзінің мерейтойына орай мерекелік эфирмен ғана шектелмей, Алматыға жаңа шахмат алаңын сыйға тартуды шешті.

Жаңа шахмат алаңы  қала тұрғындарының серуендеуге және демалуға арналған сүйікті орындарының бірі – Тереңқұрда орналасады. Мұнда тұрғындар үйге қайтар жолда жылдам блиц-шахмат  ойнап, отбасылық турнир ұйымдастыра алады  немесе бейтаныс қарсыласпен шаршы тақтада жекпе-жек өткізуіне болады.

Алаңның ашылуын Қазақстандық шахмат федерациясы қолдады. Алаңның ашылуында балалар мен шахмат әуесқойлары үшін кәсіби спортшылар –  әйелдер гроссмейстері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионатының алтын иегері, Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова, сондай-ақ Қазақстан тарихындағы ең жас гроссмейстер, 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы чемпион Эдгар Мамедов бір мезгілде ойын сеансын өткізеді.

«Алматы үшін мұндай шахмат кеңістігінің пайда болуы – шын мәнінде маңызды оқиға. Қалаға балалар,  ата-аналар, әуесқойлар және болашақ чемпиондар үшін шахмат ойыны күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналатын орындар аса  қажет. Бүгінгі таңда Қазақстанда шахматтың прайм-дәуірі өрлеп тұр: шахмат өнеріне деген қызығушылық артып, жаңа есімдер танылып, олардың халықаралық деңгейде беделі артып келеді. Дәл осындай көзқарас аула мен қала алаңдарынан бастап үлкен кәсіби тақтаға дейінгі бағдарлар болашақ жеңістер үшін берік іргетас болмақ», - дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры, әйелдер гроссмейстері Гүлмира Дәулетова.

«Алматы – мәдениет пен идеялар қаласы, онда бос уақыттың өзі үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Шахмат және басқа да зияткерлік ойындар қала тұрғындарының өмірінде ерекше орын алады. Біз жастар мен аға ұрпақты біріктіретін және шабыттандыратын саналы демалыс дәстүрін дамытуға өз үлесімізді қосқымыз келеді», - деді  «31 арнаның» бас директоры Айгүл Ақсамбиева.

«Информбюроның» 30 жылдығы тек теледидар тарихындағы маңызды белес ретінде ғана емес, сондай-ақ  Алматы төрінде  күн сайын шахмат әлемінің жаңа партиялары ойналып, қызықты да тартымды нағыз халықтық  бәсекелер өткізілетін спорт алаңының ашылуымен де есте қалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахмат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлы Абайға деген құрмет аласармайды

Бүгін 12:25

ДСМ интернатура мамандықтарының тізбесін әзірледі

Бүгін 12:10

Қай қалада жарық қымбат?

Бүгін 11:10

Алматыда «Армения палитрасы» ашылды

Бүгін 10:50

Арқалық әуежайына халықаралық AYK коды берілді

Бүгін 10:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);