2025 жылы Қазақстанда соңғы бес жылдағы ең көп индустриалдық жоба жүзеге асырылмақ. Биыл елімізде жалпы құны 1,5 трлн теңге бо-латын 190 жоба іске қосылып, 20,1 мың жаңа жаңа жұмыс орны құрыла-тын болады. Аталмыш жобалар толық қуатына шыққанда өндіріс көлемі 2,2 трлн теңгеге дейін жетеді деп күтілуде.
Қазақстанда сутегі пероксиді, сұйық шыны, күкірт қышқылы, минералды ты ңайтқыштар, полипропилен және сары фосфор өндірісі ұлғайтылады. Бұл жоба-лар химия саласының дамуына және на рықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Биыл сэндвич-панельдер. керамикалық, кірпіш, құрғақ құрылыс қос паларын шығаратын жаңа зауыттар іске қосылады.
2025-2035 жылдары министрлік ме таллургия, машина жасау және химия өнеркәсібі салаларында 9 ірі жобаны жү зеге асырады. Олар жобалық қуатына жеткенде өндірілетін өнім көлемі шама-мен, 7,3 млрд долларды құрайды.
Аталмыш жобаларға 6 трлн теңге кө лемінде инвестиция тартылып, 12 мың жұмыс орны ашылады. Бұл жобалар Пре-зиденттің тапсырмасымен әзірленген, олар 25 мың жұмыс орнын ашуды кез-дейтін 17 ірі жоба тізімінің бір бөлігі. Бар-лық жоба жоғары технологиялық кластер-лерді құруға бағытталған.
Жоғарыда аталған тоғыз жобаның екеуі 2025 жылы іске қосылады. Қостанай облысында 1500 жұмыс орнын қамтама-сыз ететін КІА автокөліктерін шығаратын зауыт іске қосылады, ол жылына 70 мың автокөлік өндіреді. Алматы қаласындағы Changan, Chery жане Haval маркаларының
автокөліктерін шығаратын мультибрендті зауыт 3600 жұмыс орнын қамтамасыз етіп, жылына 90 мың көлік шығаруға мүмкіндігі бар.
Автомобиль өнеркәсібіңдегі жаңа жо балардың арқасында 2025 жылы салада-ғы өндіріс көлемі 5%-ға артады деп күті луде. Жоспар бойынша 149 мың жеңіл келік шығарылуы қажет (2024 жылы бул көрсеткіш 134 мың болған).
Қазақстанда соңғы бес жылда алғаш рет өндеу өнеркәсібінде 5,9% өсім тір келді. Өсім көрсеткіші негізінен металлур гия (+6,9%), машина жасау (+9,7%), химия өнеркәсібі (+7,7%) және басқа салалардағы өндіріс көлемінің артуына байланысты болып отыр. Жалпы, өндіріс көлемі 24,5 трлн теңгені құрады.
Түсті және қара металлургия салалары тұрақты өсім көрсетуде. Мыс, алюминий, цинк және қорғасын өндірісі мен қайта өңдеу көлемдері ұлғаюда. Құрылыс мате риалдары өндірісі де қарқынды дамып, ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттан дырып, өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік беруде.
Индустриалды жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстанда 15 арнайы эконо микалық аймақ және 51 индустриалды аймақ жұмыс істейді.
Бүгінде Қазақстанның 8 облысында (Астана, Шымкент, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Қызыл-орда, Түркістан облыстары) 34 шағын өнеркәсіп аймақтары жұмыс істейді. 2025 жылы 14 облыста шағын өнеркәсіп ай мақтарын құру жоспарланып отыр.
2024 жылы өңдеуші өнеркәсіn canaсында 163 жоба, ал тау-кен саласында 17 жоба іске асырылды. Жалпы, инвестиция-лар сомасы 1,3 трлн теңгеден асқан.
- ТАҚЫРЫПҚА ОРАЙ
Бауыржан ЫСҚАҚ, экономика ғылымының кандидаты, қаржыгер:
МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ -ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ
Өнеркәсіп әлеуетін қалыптастыру үшін өндірістік қуаттар, еңбек ресурстары, инновациялық және технологиялық алеуеттің, қаржы-лық және экологиялық бағыттар үйлесімді дамуы қажет. Жасыратыны жоқ, кейінгі өңдеуші секторға басымдық беріліп, шикізатқа тәуелділікті азайту мақсатында индустриялық даму бағдарламалары іске асырылып жатыр. Өңдеуші секторға баса назар аударып отыр.
Мысалы, биыл 1,5 трлн теңгеге 200-ге жуық жоба іске қосылып, 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Егер бұл жобалар толық іске асса, олардың экономикалық үлесі 2 трлн теңгеге дейін жетуі мүмкін.
Сонымен қатар, химия өнеркәсібі саласында да серпін байқалады. Сутегі перок-сиді, сұйық, шыны, күкірт қышқылы өндірістерінің дамуы дайын өнімдердің бәсеке ге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы, мемлекеттің негізгі бағыты экономиканы әртараптандыру. Өңдеуші секторды дамыту арқылы импорттық өнімдермен бәсекелесуге қабілетті отандық тауарларды шығару көзделіп отыр.
Мемлекет тарапынан өңдеуші секторға айтарлықтай қолдау көрсетіліп отыр. Бірақ осы қаржылай қолдаудың тиімді игерілуін қадағалау маңызды. Егер қаражат нақты мақсаттарға жұмсалып, дұрыс бақылау жүргізілсе, экономиканы әртараптандыру саясаты табысты жүзеге асады.