AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Иммундау сарапшылары әлсіз адамдар қосымша екпе ал...

Иммундау сарапшылары әлсіз адамдар қосымша екпе алуы тиіс деп санайды

Әлем 12.10.2021, 09:18 1,391
Иммундау сарапшылары әлсіз адамдар қосымша екпе алуы тиіс деп санайды
Сурет: Orengrad.ru

ДДСҰ вакцинаның үшінші дозасын мақұлдады


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы иммунитеті әлсіз адамдарға арналған коронавирусқа қарсы екпенің үшінші дозасын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Egemen.kz басылымының хабарлауынша, бұл туралы Reuters сайты мәлімдеді.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы иммундау бойынша сарапшылардың стратегиялық кеңес тобы иммунитеті әлсіз адамдарға қосымша екпе ұсынылуы тиіс деп санайды. Өйткені оларға «қалыпты екпе алу» жеткіліксіз болуы мүмкін әрі COVID-19-дың ауыр түрімен қайта ауыруы ықтимал.



«Бұл ұсыныс үшінші екпеге арналған және иммуногенділік пен инфекция дерегі бұл адамдарға сәйкес келмейтінін көрсететін дәлелдерге негізделген»,- деді ұйымның иммундау бөлімінің басшысы Кейт О'Брайен.



Сарапшылар қытайлық Sinovac немесе Sinopharm екпелерін алған 60 жастан асқан адамдарға екпенің қосымша дозасын ұсынды. Олар зерттеу нәтижесіне бұл екпелер егде жастағы топтарда «уақыт өте нашар жұмыс істейтінін» көрсетті деп түсіндірді.


Тәуелсіз сарапшылардан жиналған SAGE тобы 11 қарашада өтетін дозалар туралы барлық жаһандық деректерді әлсіз иммунитетке қатысты сұрақтар аясында қарастыруды жоспарлап отыр.


Ай сайын бүкіл әлемде шамамен 1,5 миллиард доза қолжетімді, бұл жыл соңына дейін әр елдің 40 пайызына екпе салу мақсатына жету үшін жеткілікті, бірақ біркелкі жүзеге асып жатқан жоқ. Сондықтан кеңес тобы ең алдымен егде жастағы адамдарға екі дозамен салуға баса назар аудару керек екенін атап өтті.


Бұған дейін ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырған болатын. Оның айтуынша, әлемнің бай және кедей елдері арасында екпе салудың біркелкі болмауы салдарынан моральдық апат алдында тұр.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#вакцина #доза #коронавирус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Бүгін 15:15

Президент білім саласы қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапттады

Бүгін 15:15

Алматы – Азиада-2026 додасында Қазақстан қоржынына ең көп медаль салған өңірлердің бірі

Бүгін 14:21

Рұқсатсыз салынған граффити – өнер емес, құқық бұзушылық

Бүгін 14:06

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

Бүгін 12:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);