AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Іле Алатауы ұлттық паркіне 300 мыңнан астам турист...

Іле Алатауы ұлттық паркіне 300 мыңнан астам турист келді

Әлеумет 21.07.2022, 11:06 2,302
Іле Алатауы ұлттық паркіне 300 мыңнан астам турист келді
Сурет: Itinari.com

Ұлттық парктің аумағында 43 туристік соқпақ бар.


Іле-Алатау ұлттық паркінде заңсыз аң аулайтындар азаймай тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.


Мемлекет қорғауындағы аумақта жыл басынан бері 3 қылмыстық іс қозғалыпты. "Бұл өткен жылмен салыстырғанда көп", - дейді мамандар.



«Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінде 350-ден астам инспектор жұмыс істейді. Олардың негізгі атқаратын міндеті – табиғатты қорғап, жануарларды броконьерлерден қорғау. Соңғы 2 жылда 200-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Оның ішінде заңсыз шөп шабу, мал жаю, дәрілік өсімдіктерді жинау секілді заң бұзушылықтар бар. Олар 370-бап бойынша жазаға тартылады. Өткен жылы елік және жабайы шошқаны ату бойынша іс тіркелді. Қазір жарты жылдықтың өзінде 3 қылмыстық іс тіркелді. Оның екеуі елікті және жабайы шошқаны тұзақ арқылы ұстағандар ұсталды», – деді Іле- Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог- ағартушысы Самал Әбілова.          



Ұлттық парктің аумағында 43 туристік соқпақ бар. Биыл оны көруге 344 мыңнан астам турист келіпті.



«Ұлттық парк аумағында туризмді дамыту мақсатында туристік соқпақтарды қосымша абаттандыру жұмыстары жоспарланып жатыр. Ұлттық парктің аумағында 43 туристік соқпақ бар. Ол соқпақтардың негізгісі Медеу филиалы – Алматы орман шаруашылығында орналасқан соқпақтар. Аюлы шатқалында орналасқан – Мыңкөз соқпағы. Осы жерлерге туристер көп келіп, қызығушылық танытады. Туристердің де әртүрлісі болады. Отырған жерін жинамай, қоқысты шашып, кез келген жерге тастайды. Енді біздің инспектор қызметкерлердің де атқаратын жұмысы – қоршаған ортаны қорғау және қоқыстан тазарту.  Жауапсыз демалушылардың артын тазалау. 2021 жылды қоса есептегенде 344 тоннаға жуық қоқыс жиналды», – деді Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог-ағартушысы Самал Әбілова.    


Телеграм арнаға жазылыңыз
#парк #Алматы #Қазақстан #турист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Бүгін 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Бүгін 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Бүгін 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Бүгін 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Бүгін 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);