Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Іле Алатауы" МҰТП құрылғанына 30 жыл

"Іле Алатауы" МҰТП құрылғанына 30 жыл

Әлеумет Бүгін 17:16 24
"Іле Алатауы" МҰТП құрылғанына 30 жыл
"Іле Алатауы" МҰТП

Бұл туралы "Іле Алатауы" МҰТП бас директоры Елнұр Мұхаметжанов мекеменің 30 жылдығына арналған іс шараларды таныстыру кезінде айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

30 жылда 5 млн астам  ағаш отырғызылды

      1996–2025 жылдар аралығында ұлттық парк аумағында орманды қалпына келтіру және молықтыру мақсатында 1637,0 гектар жерге жалпы саны 5 010 000 дана ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл жұмыстар ұлттық парктің орман қорын сақтауға, табиғи тепе-теңдікті қамтамасыз етуге және экожүйелердің тұрақтылығын арттыруға бағытталған.

     Ұлттық паркті сапалы отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында қылқанжапырақты және жапырақты ағаш түрлерін өсіретін 7 уақытша питомник тұрақты түрде жұмыс істейді, онда өсірілген көшеттер орман алқаптарын қалпына келтіруде тиімді пайдаланылуда.

Орман өртіне қарсы жұмыстар:

«Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк»-нің орман қоры жерлері орташа  өрт қауіптілігінің 3 класын құрайды.

Ұлттық парк бойынша 4 дана орман өрт сөндіру станциялары бар және соған сәйкес, 41 өрт сөндіру жауынгерлері қызмет етеді.

Өртке қарсы жолдарды жөнделді – 6626,5 км

Өртке қарсы жолақтардың шөбін шабу жұмыстары - 2340 км

1996 жылдан бері ұлттық парк аумағында табиғатты қорғау, экологиялық ағарту және тұрақты туризмді дамыту бағытында кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар тек табиғи аумақты қорғаумен шектелмей, қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді мемлекеттік міндеттермен сабақтасып жүзеге асырылуда.

Ұлттық парк аумағында тұрақты түрде өткізілетін Парктер шеруі халықаралық акциясы табиғат жанашырларын біріктіретін ірі экологиялық қозғалысқа айналды. Бұл бастама Таза Қазақстан жалпыұлттық экологиялық науқанымен мазмұндық тұрғыдан үндесіп, қоғам мен мемлекеттің ортақ экологиялық жауапкершілігін күшейтуге ықпал етуде.

 30 жылда ұлттық паркқа келушілер саны 34,5 (1996 ж. - 27,4 мың адам) есеге артып, 2025 жылы 945,9 мың адамды құрады. Бұл – визит-орталықтардың тиімді жұмысы, туристік маршруттар мен соқпақтар  абаттандырылуы, қауіпсіздік жүйелерінің енгізілуі және экологиялық ағарту шараларының нәтижесі.

1996–2025 жылдар аралығында ұлттық парк аумағында

– 3211 экологиялық іс-шара ұйымдастырылып,

– 2 млн. астам волонтерлар мен экобелсенділер қамтылды.

Бұл көрсеткіштер тек сандық мәлімет емес. Бұл – қоғамда қалыптасып келе жатқан экологиялық мәдениеттің, табиғатты аялау жауапкершілігінің нақты нәтижесі.

Ұлттық паркте туристік маршруттар саны 46-ға жетті

Ұлттық парк 1996 жылы 8 туристік маршрутпен өз жұмысын бастаған болатын. Бүгінде маршруттар саны 46-ға дейін артып, келушілерге әртүрлі бағыттар бойынша сапалы туристік қызмет көрсету мүмкіндігі қалыптасты.

Ең танымал бағыттар қатарында Үлкен Алматы көлі, Бутаковка шатқалы, Аюсай визит центрі, Ой-Қарағай, Түрген сарқырамалары, Есік көлі, Қаскелең және Ақсай шатқалдары бар. Аталған нысандар жыл сайын мыңдаған туристі қабылдап, өңір туризмінің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Ағымдағы жылы 3 жаңа туристік соқпақ толық абаттандыру жұмыстары жүргізіледі оның ішінде 1 жаңа туристік, 1 визит-орталық соқпақ ашылады. Олар: Аққайың–Көкжайлау және Кузнецов сайы туристік маршруттары, Бұтақты визит центрі және Мәрмәр соқпағы. Жаңа бағыттарда толық жөндеу және инфрақұрылымды жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, бағыттаушы белгілер орнату, демалыс алаңдарын жабдықтау, қауіпсіздік шараларын күшейту және ақпараттық стендтер орналастыру жоспарланған.

Сонымен қатар алдағы үш жыл ішінде ұлттық парк аумағын кеңейту және туризм саласын дамыту мақсатында тағы 30 жаңа маршрут ашу жоспары әзірленуде. Бұл бастамалар туристік инфрақұрылымды жетілдіруге, экологиялық туризмді дамытуға, келушілерге қолайлы жағдай жасауға және табиғи мұраны сақтай отырып, тұрақты туризм қағидаттарын енгізуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Іле Алатауы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Колледж оқытушылары жасанды интеллект негіздерін тегін оқып шықты

Бүгін 18:07

Алматыда сталкингтің алдын алу бағытында жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізілуде

Бүгін 17:22

ҚТЖ тарифті көтере алмайтын болды

Бүгін 17:07

Вакцина алмаған балалар сабаққа қатыса алмайды

Бүгін 16:52

Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының мүшелері саяси реформаны қолдайды

Бүгін 16:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі