AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ІІМ қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

ІІМ қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Заң мен тəртіп Бүгін 11:05 35
ІІМ қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі бүгін бір апта ішінде тіркелген заңбұзушылықтарға қатысты алаңдатарлық статистиканы жариялады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, бір апта ішінде полицейлер ізін суытпай бір адам өлтіру, адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің үш дерегін, 11 тонау, 218 ұрлық, сондай-ақ жеті мал ұрлығы мен сегіз автокөлікті айдап әкету дерегін ашқан.

"Бір апта ішінде полицейлер Жол жүрісі қағидаларын бұзудың 10 мыңға жуық дерегінің жолын кесті. Оның ішінде мас күйінде көлік жүргізудің 201 дерегі бар. Осындай оқиғалардың бірі түнде Үштөбе қаласында болды. Полицейлер Toyota Marino автокөлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде мас күйдегі 34 жастағы ер адам отырған. Сот оны 15 тәулікке қамауға алып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырды", – делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство дрифт жасау және қауіпті көлік жүргізу деректерінің жолын кесу мәселесі бақылауда екенін атап өтті. Соңғы аптада мұндай заңбұзушылықтар еліміздің үш қаласында анықталған:

  • Астанада екі жас жүргізуші Шәмші Қалдаяқов көшесінде дрифт жасаған. Екеуі де 10 тәулікке қамауға алынды. Автокөліктері арнайы тұраққа қойылды.

  • Қостанайда дрифт жасаған жүргізушінің әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Оның кім екені жедел анықталды. Белгілі болғандай, ол жыл басынан бері Жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін 16 рет жауапқа тартылған. Сот оған 15 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.

  • Шымкентте Mercedes-Benz тізгіндеген 18 жастағы жүргізуші дрифт жасап, түнгі тыныштықты бұзған. Ол да 10 тәулікке қамауға алынды.

"21 қыркүйектен бері ел аумағында 13 мыңнан астам заңсыз жазу мен граффити өшірілді. 6 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды. Ең ауыр төрт дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оның бірі – вандализм, қалған үшеуі есірткі жарнамалайтын граффити деректеріне қатысты", – делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство бұл мәселеге қатысты полицияның ұстанымы айқын екенін мәлімдеді:

"Вандализм, өзгенің мүлкін бүлдіру, қауіпті көлік жүргізу және мас жүргізушілер назардан тыс қалмайды".

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ІІМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Екі аптаға созылған арпалыс: алматылық дәрігерлер 11 баланың анасы мен оның жаңа туған қызын аман алып қалды

Бүгін 11:27

Бүгін – Ұстаздар күні

Бүгін 10:40

Шетелдегі қазақстандықтарды есепке алу ережелері өзгерді

Бүгін 10:10

Алматы тауларында төрт турист адасып кеткен

Бүгін 09:52

Жаңа жолдардан цифрлық бағыттарға дейін: Президент Жолдауы аясында еліміздегі көлік жүйесі қалай өзгеруде

Бүгін 09:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);