AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / II Дүниежүзілік соғыста Норвегияда жерленген қаза...

II Дүниежүзілік соғыста Норвегияда жерленген қазақстандық жауынгерлер анықталды

Өмір-өзен 19.04.2022, 12:15 2,335
II Дүниежүзілік соғыста  Норвегияда жерленген қазақстандық жауынгерлер анықталды
Сурет: Inbusiness.kz

Бүгінгі таңда есімдері белгілі қазақстандық солдаттардың жалпы саны – 74.


СІМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанның Ослодағы Елшілігі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оккупацияда болған Норвегияда тұтқында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің жаңартылған тізімін жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Соңғы айларда 18 қазақстандық сарбаздың аты-жөні мен жерленген жері анықталған. Бүгінгі таңда есімдері белгілі қазақстандық солдаттардың жалпы саны – 74. Сарбаздар Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының тумалары немесе сол өңірлерден әскерге шақырылған. Жауынгерлердің бейіттері Саннешоен (Tjøtta sovjetiske krigskirkegård), Лиллехаммер (Jørstadmoen), Берген (Åsane kirkegård) және Тронхейм (Støren kirkegård) қалаларының жанындағы кеңестік әскери зираттарда.



«Тізімде сарбаздың туған жылы мен мекені, әскерге шақыру, қызмет ету, тұтқындалуы, қайтыс болған кезі және жерленген жері, туыстары туралы мәліметтер, сондай-ақ қолда бар құжаттарға сілтемелер берілген. Тізім «Фалстад орталығы» (Норвегия), Қазақстан аумағынан шақырылып Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен әскери қызметшілер туралы «Мемориал» деректер банкі, сондай-ақ Ресейлік «Мемориал» жиынтық деректер банкі сияқты бірнеше деректер көздерінен алынған ақпаратты салыстыру арқылы жасалды», - деп жазылған хабарламада.



Бүгінгі күнге дейін Норвегияда жерленген кеңестік әскерилердің шамамен 15 500 саны туралы белгілі болып, олардың 7000-ға жуығының есімдері анықталған. 1941-1945 жылдары Норвегияда жерленген қазақстандық жауынгерлердің тізімін (2022 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша) елшіліктің сайтынан білуге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Норвегия #солдат #Соғыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелдегі қазақстандықтарды есепке алу ережелері өзгерді

Бүгін 10:10

Алматы тауларында төрт турист адасып кеткен

Бүгін 09:52

Жаңа жолдардан цифрлық бағыттарға дейін: Президент Жолдауы аясында еліміздегі көлік жүйесі қалай өзгеруде

Бүгін 09:30

Бүгін еліміздің 14 өңіріне дауылды ескерту жариялады

Бүгін 09:05

Зауыттар мен вокзалдар және білім беру инфрақұрылымы: өткен аптада өңірлерде қандай нысандар ашылды

Бүгін 08:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);