AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Игілікті істің бір парасы іспеттес

Игілікті істің бір парасы іспеттес

Әлеумет 24.12.2022, 06:56 1,461 Кенжехан МАТЫЖАНОВ, ҚР БҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры
Игілікті істің бір парасы іспеттес
Сурет: Inform.kz



Жүректі сыздатқан қаңтар оқиғасына да жыл толып қалды. Жұртшылықтың жанын жүдеткен қаралы күндердің қалың тұманы әлі де толық сейіле қойған жоқ, әрине. Санаға түскен ауыр сал мақты жеңілдету жолында ел болып, қоғам болып атқаратын жұмыстар әлі де аз емес...


Бүгінгі Қазақстан Республикасының Президенті келіп ашқан Алматы қаласындағы «Тағзым мемориалы» осы арнадағы игілікті істің бір парасы іспеттес.


Бір жағынан қарағанда тым қарапайым, екінші жағынан аса күрделі болып көрінетін композициялық кешеннің, біздің ойымызша, екі үлкен мазмұндық арнасы бар сияқты.


Біріншіден, бұл – кешегі теңдік сұрап, әлеуметтік әділет іздеп алаңға шыққан, сол жолда арандатушылардың суық қолынан қаза болған боздақтардың рухына тағзым.


Екіншіден, бұл – халықтың берекесін қашырып, жұрттың ішіне алауыздық туғызған, әлеуметтік кикілжіңді қанды қасіретке дейін жеткізген төтенше жойқын оқиғадан алатын тағылым.


Мемориалдың авторлары осы екі идеяны астастыра тұтастырып, тәлім-тәрбиелік ұстыны берік, халқымыздың дәстүрлі дүниетанымы мен бүгінгі заманауи мақсат-мұратымен ұштастыратын тамаша астарлы мәні бар композиция құрастыра білген.


Мәселен, ескерткіш-тақталардың табанындағы су бейнесі – өмірдің, мәңгіліктің символы. Ал ақ, қара түстес мәрмәр тастардың қатарласып, алмасып келіп отыруы – қайғы мен қуаныштың, жақсылық пен жамандықтың, ескі мен жаңаның қабаттасып келіп отыратын тіршілік заңдылығын білдірсе керек. Мемориалдағы ақ тастардың асқақ, биік және қара тастарға қарағанда әлдеқайда көптігі – еліміздің рухының биіктігін, болашаққа ұмтылған арман-мұратының кіршіксіз тазалығын, ертеңінің ашық-жарқын екендігін бейнелеп тұрғандай.


Дәл сол ақ тақталарға жазылған ұлы бабаларымыздың асыл сөздері тарихтың терең тағылымына бойлатады. Ол жазбалар жас ұрпаққа:


«Береке мен бірлік – сабыр мен төзім арқылы баянды!»,


«Қазақтың мәңгілігі – ынтымағы
мен тұтастығында».


«Бір күндік әрекет мың күндік берекені тас-талқан ететіндігін естеріңнен шығармаңдар!»
деп өсиет айтып тұрғандай.


Бүгін ғана ашылған «Тағзым мемориалы» тәуелсіздік жылдарындағы талай дүбірлі оқиғалардың куәсі болған Алматы орталығындағы тарихи алаңмен табиғи үйлесіп, келешекке ғибрат айтып тұратын қастерлі орынға айналады деп сенеміз!




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тағзым #қаңтар оқиғасы #мемориал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Бүгін 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Бүгін 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Бүгін 14:36

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:09

«Алматы» ӘКК мен «Қазақмыс корпорациясы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін 11:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика