AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Хостелдер мен қонақ үйлер жатақханаларға айналады

Хостелдер мен қонақ үйлер жатақханаларға айналады

Әлеумет 05.12.2023, 06:14 1,142
Хостелдер мен қонақ үйлер жатақханаларға айналады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөзі.


Еліміз бойынша жатақханада 17 мың орын жетіспейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Саясат Нұрбек студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатқанын айтты.


Премьер-Министр Әлихан Смайылов ведомство басшысынан студенттерді, оның ішінде, педагогикалық мамандыққа оқып жатқан студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын сұрады.



"Қазіргі таңда, 17 мың төсек-орын тапшылығы бар. Соңғы жылда үш үлкен бағытпен жұмыс істедік. Біріншісі – субсидиялар арқылы жаңа жатақханаларды құрылысқа енгізу. Субсидиялық нормативтер 2 есе ұлғайтылды. Нәтижесінде биылдың өзінде 43 жатақхана салынып жатыр. Оның 33-і толыққанды енгізілді. Студенттеріміз онда тұрып жатыр. Қалған 10-ы осы бір айдың ішінде толыққанды енгізіледі. Құжаттарды рәсімдеу пысықталып жатыр. Биыл 10367 төсек-орынды қамтамасыз етеміз", – деді министр Үкімет отырысында.



Саясат Нұрбектің дерегінше, 1 қыркүйектен бастап нормативтік-құқықтық талаптар күшейіп, заңға тиісті өзгерістер енгізілген.



"Енді жоғары оқу орындары осы оқу жылының қыркүйегінен бастап студенттердің кемінде 70 пайызын жатақханамен қамтамасыз етуі керек. Бірінші жыл қабылданғанда 100% қамтамасыз етілуі тиіс. Соңғы бағытқа келсек, қолданыста болған бизнес орталықтары, хостелдер, қонақ үйлерді реконструкциялау бойынша нормативтік субсидиялар да ұлғайтылып отыр. Бұл да Үкіметтен сол объектілерді жатақханаларға айналдыруда үлкен көмек болады", – деді ол.



Қауіпсіздік стандарттарын күшейту – ең үлкен талаптың бірі, деп жалғастырды спикер.



"Министрліктің арнайы бұйрығы әзірленді. 15 нақты талап айқындалды. Төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау министрліктерімен келісіп, енді кез келген жаңадан құрылған немесе реконструкциядан өтетін хостел, жатақхана, қонақ үй болсын, осы талаптарға сәйкес болуы керек. 17 мың төсек-орын тапшылығы 1-2 жылдың ішінде толыққанды жабылады деген жоспарымыз бар", – деп толықтырды Ғылым және жоғары білім министрі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жатақхана #Студент #хостел #білім #министр #Нұрбек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Кеше 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Кеше 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Кеше 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Кеше 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Кеше 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);