конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Хиуадағы саммит: Ұлттық спорт мәртебесін көтеру әл...

Хиуадағы саммит: Ұлттық спорт мәртебесін көтеру әлем назарында

Спорт 09.09.2023, 15:50 1,237
Хиуадағы саммит: Ұлттық спорт мәртебесін көтеру әлем назарында
Суреттер: Almaty-akshamy.kz

8-9 қыркүйек күндері Өзбекстанның Хиуа қаласында Халықаралық этноспорт саммиті өтті.


Аталмыш жиынға 60-тан астам елдің үкіметтік шенеуніктері, федерация өкілдері мен ғалымдары, сондай-ақ қазіргі уақытта Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясына кірген елдердегі арнайы мекемелерден  24 өкіл келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Сондай-ақ, саммитке Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Нажмеддин Біләл Ердоған мен  Өзбекстан Республикасы Жастар саясаты және спорт министрі Адхам Икрамовтың арнайы шақыртуымен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек пен Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов та қатысты.



Саммит аясында Жоғары деңгейдегі Министрлер алқасы, этноспорт фестивалі және Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы мүшелерінің VI кездесуі сияқты маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды.



Талқылаулар өткен келелі жиындарда ұлттық спорт түрлерін дамыту және оның ауқымын кеңейту мәселелері қозғалып, нақты ұсыныстар айтылды.


Жиында арнайы сөз алған Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов саммитке қатысушыларды келесі жылы Қазақстанда өтетін V-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына шақырып, бірқатар мәселелерді көтерді.



«Әлемдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, қандай да бір спорт түрін жоғары деңгейге көтеру үшін ең алдымен оны регламенттеп, ережесін жасап жетілдіру қажет. Онсыз ешқандай спорт тиісті деңгейде дамымайды.


Сол секілді түркітілдес мемлекеттер жиналып ұлттық спорт түрлеріне ортақ ереже бекітіп, нормативтік базасын қалыптастыру арқылы болашақта ұлттық спорттың бір түрін Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіргізсек баршамыздың ортақ жеңісіміз болар еді.


Сондықтан да Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясына мүше барлық мемлекеттер жұдырықтай жұмыла алға қойған ортақ мақсаттарымызға жетеміз деген үміттемін» деп айтты Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов.



Айта кетейік, бүгінде Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясына 16 мемлекет мүше. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Әзірбайжан, Моңғолия, Венгрия, Грузия, Ресей, Аргентина, Жапония, Мексика, Польша, Катар, Румыния, Тунис, Литва.  


 


 


.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Этноспорт #саммит #Хиуа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алан мен Айлин: еліміздегі ең танымал және ең сирек есімдер тізімі

Бүгін 14:10

Қазақстанда инфляция қарқынының төмендеуі байқалды

Бүгін 13:06

Креативті кластер бой көтереді

Бүгін 12:05

Сайраннан Тұңғыш Президент саябағына дейін: Алматының қоғамдық кеңістіктері жаңарып келеді

Бүгін 11:42

Көктөбеде аумағы 4 гектар болатын жаңа гүлді беткей ашылды

Бүгін 11:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);