ffin.kz

Хаттама ресми құжаттың көшірмесі болмай шықты

Хаттама ресми құжаттың көшірмесі болмай шықты almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы халықты алдауға жол бермеу үшін тек қана шынайы ақпаратты таратуға шақырады


Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы HAQ қоғамдық қайырымдылық қорының интернет желісінде таратқан №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша №99 сайлау учаскесіндегі дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы делінген фотодағы құжаттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды.



         Біріншіден, жарияланған фотолардағы хаттаманың Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қаңтардағы №18/672 қаулысының (Алматы қаласы мәслихатының депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы) №32 қосымшасы бойынша толтырылған, құжатта саяси партиялардың атауының орнына №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың аты-жөні көрсетілген.


Екіншіден, түпнұсқа хаттама Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қаңтардағы №18/672 қаулысының 20-қосымшасының  нысаны бойынша ресімделген. Таратылған фотоларда тіркелген 28 үміткердің орнына тек 6 үміткердің аты-жөні ғана көрсетілгеніне назарларыңызды аударамыз.


 Үшіншіден, №99 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының сенім білдірілген адамдарды, саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың байқаушыларын, Қазақстан Республикасының БАҚ өкілдерін, шет мемлекеттердің сондай-ақ халықаралық ұйымдардың байқаушыларын сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдерін есепке алу және тіркеу журналының деректеріне сәйкес, сайлау учаскесінде дауыс беру күні ішінде және дауыстарды санау кезінде тіркеуден өткен 5 байқаушы/сенім білдірілген тұлға ғана болған. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 43-бабының 8-тармағына сәйкес, аталған Конституциялық заң талаптарына сәйкес, қатысушы адамның қалауы бойынша дауыстарды санау кезінде оған комиссия төрағасы және хатшының қолдары қойылған сонымен қатар, сайлау комиссиясының мөрімен куәландырылған хаттаманың көшірмесі беріледі. Осы белгіленген тәртіппен куәландырылған хаттамалардың көшірмелерін сенім білдірілген адамдар мен байқаушылардың ешқайсысы алмаған, есепке алу және тіркеу журналында көшірмелерді алу фактісін растайтын байқаушылар мен сенім білдірілген адамдардың қолдары да жоқ.


            Төртіншіден, түпнұсқа хаттамаға екі мөр қойылуы керек: түпнұсқа хаттама көшірмесінің өз мөрі, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысының қолымен расталған "тірі" деп аталатын мөр.


            Бесіншіден, фотосуреттегі комиссия мүшелерінің қолдары олардікі емес екені көрініп тұр, оны учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері де растады. Құжаттағы мөрдің өзі оқылмайды, оны № 99 сайлау учаскесінің таңбасы ретінде анықтау мүмкін емес.


Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, хаттаманың фотосуреттері делінген құжат №99 учаскелік сайлау комиссиясының ресми құжатының көшірмесі емес. Осы фотосуреттерді дайындау және оларды одан ары тарату әрекеттерін заңнамаға сәйкес, заңды түрде өткізілген сайлау нәтижелерін бұрмалау және беделін түсіру әрекеті деп санауға болады.


Осыған байланысты Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы халықты алдауға жол бермеу үшін тек қана шынайы ақпаратты таратуға шақырады.


            Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы жалған ақпарат тарататын тұлғаларды жауапқа тарту үшін қадағалау және құқық қорғау органдарына жүгіну құқығын өзіне қалдырады.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04