ffin.kz

Халықтың табысын арттыру бағдарламасы әзірленді

Халықтың табысын арттыру бағдарламасы әзірленді Сурет: Zakon.kz

Бағдарлама 80 іс-шарадан тұрады.


Іс-шаралар шартты түрде тікелей және жанама деп бөлінген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Тікелей іс-шаралар бюджет жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге және кірістердегі теңгерімсіздікті теңестіруге, ал жанама іс-шаралар халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кәсіптік даярлау (қайта даярлау), өңдеуші кәсіпорындардың өнімділігін арттыру және кәсіпкерлікті дамыту арқылы табыстың өсу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.


Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.



«Осы жылғы 11 қаңтарда Мемлекет басшысы Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысының төмендігі проблемаларына тоқталып, Халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Осы тапсырманы орындау мақсатында Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және сарапшылық қауымдастықпен бірлесіп, кедейшілік пен жұмыссыздық деңгейі бойынша нақты жағдайға талдау жүргізіп, бағдарлама жобасын әзірледі. Талдау нәтижелері бойынша тұрақты оң динамикаға қарамастан, соңғы екі жылда халықтың нақты ақшалай табысының өсу қарқыны 2019 жылғы 6,4 пайыздан 2021 жылы 2,9 пайызға дейін баяулағаны айқындалды», - деді министр.



Сонымен қатар ол халық табысының құрылымында еңбек етуден түсетін кірістердің төмендеуі және әлеуметтік трансферттерден кірістердің өсуі байқалатындығын айтады.



«Халықтың еңбек етуден түсетін табысының үлесі соңғы 10 жылда 10,8 пайыздық тармаққа төмендеді. Өз кезегінде, әлеуметтік трансферттердің үлесі керісінше, 10 пайыздық тармаққа өсті. Жүргізілген талдауды ескере отырып, Халықтың табысын арттыру бағдарламасында мына басымдықтар белгіленді: жұмысшы жастар; халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру; бюджет жұмыскерлеріне лайықты жалақы; еңбек кірісіндегі теңгерімсіздіктерді жою; ауыл шаруашылығында, өңдеу өнеркәсібінде тиімді жұмыспен қамтуды дамытуды ынталандыру; кәсіпкерлік кірістің өсуін ынталандыру; табыстың сатып алу қабілетін қорғау», - деді ол.



Министрдің атап өтуінше, Үкіметтің бүкіл экономикалық саясатының жалпы мақсаты халық табысын арттыру болғандықтан, бағдарлама ұлттық жобалармен өзара байланысты.



«Бағдарлама 80 іс-шарадан тұрады. Олар мынадай негізгі бағыттарға бөлінген: халықтың еңбек табысының артуы; кең ауқымды жұмыспен қамтуды дамыту арқылы халықтың табысын арттыру; сатып алу қабілетін қорғау», - деді Әлібек Қуантыров.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04