ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӘСІБИ  БАЙҚАУ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӘСІБИ  БАЙҚАУ Самат Құсайынов

Алматы құрылыс-техникалық колледжінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолия кәсіптік білім беру мекемелерінің педагогтері арасында 1Сантехника және жылыту1 құзыреттілігі бойынша халықаралық кәсіби конкурс өтті. 

Колледж базасында GROHE ресурстық орталығы ашылды.Аталған іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру және Жұмысшылар жылын өткізу аясында ұйымдастырылды.

Оның басты мақсаты – жұмысшы біліктілігінің беделін арттыру, кәсіби білім беру жүйесіне қоғамның назарын аудару, халықаралық деңгейде педагогтердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Конкурсқа Алматы қаласы білім басқармасының өкілдері, «Талап» КЕАҚ, GROHE, KNAUF компанияларының мамандары, сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолия мемлекеттерінің кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

GROHE ресурстық орталығының ашылуы сантехника және жылыту саласындағы білім беруді жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Орталықта заманауи жабдықтар орнатылған, оқу барысында қолданылатын инновациялық технологиялар қарастырылған. Бұл жерде WorldSkills чемпионаттарына қатысушылар дайындалып, кәсіби шеберлік конкурстары, шеберлік сыныптары, біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады.

Іс-шара аясында еліміздің студенттері Euroskills Herning 2025 (Дания) чемпионатына іріктеу турынан өтті. Бұл жарыс – болашақ кәсіби мамандардың біліктілігін көрсететін маңызды алаң. Жеңімпаздар халықаралық деңгейде ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Конкурс төрт модуль бойынша өтті. Олар: кәріз құбырларын жалғау, раковина мен қолжуғыштарды орнату, барлық жүйені біріктіру және буш жабдығын қосу және толық жүйені тексеру.

Конкурсқа қатысушылар өз шеберліктерін шыңдап, жаңа тәжірибе жинақтады. Байқау жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді.

 Тақырыпқа орай

 Бектұрған АХМЕТОВ, Алматы құрылыс-техникалық колледжінің директоры:

                                                    Тәжірибе алмасу алаңы

  Колледжімізде халықаралық деңгейдегі ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. GROHE ресурстық орталығының ашылуы да, «Сантехника және жылыту» құзыреттілігі бойынша халықаралық кәсіби конкурс та – маңызды жобалар. Бұл байқау бізге не береді? Біріншіден, көршілес елдерден келген мұғалімдер мен өндірістік оқыту шеберлері өзара тәжірибе алмасып, біліктілігін арттыруға мүмкіндік алады. Екіншіден, жұмысшы мамандықтарының беделін көтеруге және олардың қоғамдағы маңызын насихаттауға ықпал етеді.Қазіргі кезде сантехник мамандығы жоғары технологиялық, заманауи сала. Бізде түлектеріміз 700-800 мың теңгеге дейін жалақы алып, тұрақты жұмыс істеп жүр. Бұл да осы мамандықтың сұранысқа ие екенін көрсетеді.

 Роман Басов, GROHE компаниясының өкілі:

 Бір ғасыр тәжірибесі

– Біз сіздерді осы маңызды оқиға – ресурстық орталықтың ашылуы мен халықаралық кәсіби жарыстың басталуымен құттықтаймыз. GROHE – санитарлық-техникалық өнімдер саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Біздің тарихымыз 1936 жылдан басталады, және осы уақыт ішінде біз үлкен тәжірибе жинақтадық. Бұл тәжірибені енді сіздермен бөлісуге дайынбыз. GROHE компаниясы кәсіби білім беруді қолдау мақсатында әлем бойынша 75-тен астам оқу жобаларын іске асырды, олардың аясында 12 мыңнан астам студент білім алды. Қазақстанда біз екі ресурстық орталықты іске қостық: бірі Астанада, екіншісі Алматыда. Бүгінде осы орталықтарды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Алматыда ашылған орталық – бұл оқытушылар мен студенттерге заманауи технологияларды игеруге мүмкіндік беретін кәсіби алаң. Біздің мақсатымыз – мамандардың кәсіби деңгейін көтеру және оларды халықаралық стандарттарға сай дайындау. Қазақстанда Жұмысшылар жылы жарияланғаны біз үшін маңызды. Бұл – жұмысшы мамандықтарының беделін көтерудің тамаша мүмкіндігі. Біз сіздермен бірге осы саланы дамытуға дайынбыз. Конкурсқа қатысушыларға сәттілік, ал студенттерге алдағы халықаралық жарыстарда жеңіс тілейміз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:37

17:10

17:03

16:52

16:47

16:39

16:36

16:25

16:21

15:54

15:45

15:40

15:24

15:22

15:21

14:56

14:31

14:21

12:51

12:38

12:25

12:20

11:33

11:19

11:17