Халық саны 69,8 мың адамға өскен

Халық саны 69,8 мың адамға өскен Сурет: ашық дереккөз

Ақпаратты Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 353 265 адамды құрады.

Жыл басынан бері халықтың жалпы өсімі 69,8 мың адам болды. Оның ішінде табиғи өсім есебінен – 63,4 мың адамға, көші-қон есебінен – 6,3 мың адамға.

"Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астанада байқалды. Астана халқының саны көші-қон ағындары есебінен артып келеді. Мәселен, елорда тұрғындарының саны жыл басынан бері 29,7 мың адамға өсті, оның 78,3%-ы көші-қон есебінен", – делінген бюро таратқан ресми ақпаратта.

Айта кетейік, жыл басынан бері көші-қонның оң сальдосы 5 өңірде – Алматы және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда – Астана, Алматы және Шымкентте байқалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:08

12:36

12:10

11:39

11:16

10:37

10:11

09:41

09:37

09:18

09:01

19:46

17:50

17:37

17:30

17:20

17:20

17:10

17:05

17:00

16:45

16:26

16:19

16:05

15:50