Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ғылымдағы ұлы серпіліс пен ізденістің символы

Ғылымдағы ұлы серпіліс пен ізденістің символы

Әлеумет 12.11.2024, 09:16 905
Ғылымдағы ұлы серпіліс пен ізденістің символы
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Сәтбаев университетінің мерейтойы мен Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған форум басталды

Сәтбаев университетінің 90 жылдығы: Алматыда төртінші өнеркәсіптік революцияның сын-қатерлеріне арналған форум өтіп жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Сәтбаев университетінің 90 жылдығы мен Қазақстандағы геологиялық мектептің негізін қалаушы және Ұлттық ғылым академиясының алғашқы президенті Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Еуразияның ғылыми-инженерлік қауымдастығының алдындағы төртінші өнеркәсіптік революцияның сын-қатерлері»атты Халықаралық ғылыми форумның ашылу салтанатына қатысты.

Форумның ашылуында қала әкімі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау жеделхатын оқып, университет ұжымын мерейтоймен құттықтады.

Форум 11-15 қараша аралығында Алматы қаласында өтеді. Оған 22 елден 200 ұйым мен кәсіпорынның, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының, елшіліктер мен консулдықтардың өкілдері қатысады.

Бағдарлама аясында STROYTECH инженерлік орталығы мен технопаркінің, Hyundai Engineering зерттеу орталығының ашылуы, Массачусетс технологиялық институтының стандарттары бойынша құрылған Customized FabLab таныстырылымы өтеді. Форум барысында пленарлық отырыс, технологияларды трансферлеу, мемлекет, ғылым және бизнестің өзара әрекеттестігі, жас ғалымдардың мансаптық өсуі жөнінде панельдік сессиялар ұйымдастырылады.

Жақында Сәтбаев университеті екі тарихи жетістікке қол жеткізді. Университет QS Stars сыйлығына ие болып, халықаралық серіктестермен білім беру бағдарламаларының жоғары деңгейін растады. Сонымен қатар, Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Азиядағы үздік 100 университеттің қатарына еніп, 4000 азиялық жоғары оқу орнының арасында позициясын нығайтты. Ол Shanghai University, Pusan National University сияқты университеттермен қатар тұрып, University of Macau, Singapore Management University секілді беделді азиялық жоғары оқу орындарын басып озды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сәтбаев #Қазақ #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақ халатты абзал жандарға алғыс: №7 қалалық аурухана дәрігерлері науқас өміріне араша түсті

Бүгін 12:14

Павлодар облысында той үшін қарызға батқан әйел сотқа жүгінді

Бүгін 12:00

Көркем гимнастика: Ташкентте бақ сынайтын қазақстандық спортшылар анықталды

Бүгін 11:41

Түзеу мекемесіндегі жасөспірімдердің де денсаулығы бақылауда

Бүгін 11:34

Наурыздағы ҰБТ: 179 мыңға жуық талапкер тест тапсырды, ең жоғары нәтиже – 140 балл

Бүгін 11:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика