AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Ғылым мен спорт ұштасқан күн: Алматыда аңызға айна...

Ғылым мен спорт ұштасқан күн: Алматыда аңызға айналған чемпиондар бас қосты

Алматы құшағында Бүгін 14:25 51 yakiya
Ғылым мен спорт ұштасқан күн: Алматыда аңызға айналған чемпиондар бас қосты

Қазақ спорт және туризм академиясында Sport Consulting Forum қоғамдық бірлестігінің таныстырылымы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңа ұйым мемлекеттік органдардың, Олимпиада комитетінің немесе спорт федерацияларының жұмысын алмастырмайды. Ол ғылыми-әдістемелік платформа ретінде отандық спорттың дамуына үлес қосуды көздейді. Негізгі мақсат – спортқа бейім дарынды балаларды ерте жастан анықтау, олардың қабілетін жүйелі түрде бақылап, заманауи ғылыми әдістер арқылы үлкен спортқа бағыттау.

Іс-шараға мемлекеттік орган өкілдері, спорт ұйымдары, сондай-ақ Қазақстанның даңқты спортшылары – Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының жеңімпаздары және жүлдегерлері қатысты. Олардың қатарында спорттық гимнастикадан бес дүркін Олимпиада чемпионы Нелли Ким, шаңғы жарысынан Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов, футболдан Олимпиада чемпионы Евгений Яровенко, ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков, грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев болды.

Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры, Халықаралық дене шынықтыру және спорт университеттері қауымдастығының президенті, профессор Қайрат Зәкіриянов заманауи спортта ғылым мен жаңа технологияларға сүйенудің маңызы артып келе жатқанын айтты.

“Ғылыми тәсіл, болашағынан үміт күттіретін балаларға мониторинг жүргізу және мәліметтер банкін құру – жаңа чемпиондардың шығуына үлкен септігін тигізеді”, – деді ол.

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков спортты насихаттаудың да маңызды екенін атап өтті.

“Спорттың насихаты күшті болуы керек. Мен мектепте оқып жүрген кезімде асхана мен спортзалдың ортасында «Чемпиондар аллеясы» деген тақта болатын. Онда Олимпиада чемпиондарының суреттері ілініп тұратын. Күн сайын сол суреттерге қызыға қарап өтетінмін. Уақыт өте келе мен де алдыма үлкен мақсат қойдым. Сол бала арманым кейін шындыққа айналып, Олимпиада тұғырынан көріндім. Сондықтан қазіргі балалардың да спортқа, жеңіске деген қызығушылығын арттыру үшін насихат жұмысына ерекше көңіл бөлу қажет”, – деді Ислам Байрамуков.

Конференция барысында спортшыларды даярлаудың жаңа моделі қалыптасатыны айтылды. Стратегиялық мақсат ретінде 2044 жылға қарай, яғни Қазақ спорт және туризм академиясының 100 жылдық мерейтойына орай, Қазақстанда әлемдік жетекші орталықтармен бәсекелесе алатын заманауи білім беру және спорттық ғылыми база құру міндеті қойылып отыр.

Жиын соңында даңқты спортшылар академия студенттерімен кездесіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаңа форматтағы мектептерді таныстырды

Бүгін 16:21

Президент Чехия Премьер-министрін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Бүгін 16:18

Тоқаев пен Чехия Премьер-министрі Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 16:15

Алматылық оқушылар суға батқан адамды құтқарудың жолын үйренді

Бүгін 14:42

Алматыдағы 190 діни бірлестік қоғамдық жұмыстан қалмайды

Бүгін 13:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика