Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Гүлнапис Әбдікерова: Ең өзекті мәселе адамдардың ө...

Гүлнапис Әбдікерова: Ең өзекті мәселе адамдардың өмір сүру деңгейі болып табылады

Әлеумет 30.06.2022, 10:34 1,063
Гүлнапис Әбдікерова: Ең өзекті мәселе адамдардың өмір сүру деңгейі болып табылады
365info.kz

Алматы әкімдігі әзірлеп жатқан «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасына қатысты Әлеуметтану ғылымының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің профессоры Әбдікерова Гүлнапис Орынбасарқызы адамның өмір сүру деңгейін көтеру туралы өз ойымен бөлісті деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Алматы әкімдігінің қаланы дамыту бойынша 2025 жылға дейін дамытудың негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді жасаған перспективалары өте өзекті деп ойлаймын.  Қазіргі кезде ең өзекті мәселе адамдардың өмір сүру деңгейі болып табылды. Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасында «Жайлы қалалық орта», «Тұрақты экономикалық өсу», «Басқарылатын урбанизация», «Әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылық», «Жасыл Алматы», «Смарт сити», «Қауіпсіз қала» осының бәрі жақсы қамтылған», – деді Гүлнапис Орынбасарқызы.



Әлеуметтанушының айтуынша, адамның өмір сүру деңгейін көтеру үшін адамдарға жайлы жағдай жасалуы керек.  



«Ең бірінші – адамдарды күйзеліске түсіп, түрлі ауруға шалдығуына әкелетін факторларды азайтуы керек. Бұл факторлар инфраструктурамен тығыз байланысты. Мысалы, жол сапасы, адамдардың баратын жеріне қиналмай жетуі өзекті деп есептеймін. Сондай-ақ қазіргі кезде инклюзивті орта құру идеясы  өте өзекті. Инклюзивті орта - адамдардың еш қиындықсыз сол қоғамға кіре алу мүмкіндігі болып есептеледі. Бұл мәселе қазіргі таңда өте өзекті», – деді ол.



Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсыныстарын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мегаполист #бағдарлама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13

Алматы дәрігерлері күрделі трихобезоарға сәтті ота жасады

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика