AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Гүлдер» ансамблінің солисі халықаралық байқауда е...

«Гүлдер» ансамблінің солисі халықаралық байқауда екі "алтын" алды

Мәдениет 29.04.2025, 17:30 921
«Гүлдер» ансамблінің солисі халықаралық байқауда екі "алтын" алды
Сурет: Gov.kz

2025 жылдың 24-27 сәуірі аралығында XVIII «Рига көктемі – 2025» халықаралық хореографиялық байқауы өтті.

 Байқауға Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Гүлдер» ансамблінің балет әртісі Сания Сәкенова мен бас балетмейстер Анвара Садықова қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Байқау хореографияның үш аталымы бойынша өтті. Атап айтсақ, классикалық би, халық биі және заманауи хореография. Байқауға Қазақстаннан бөлек Германия, Италия, Латвия, Литва, Эстония, Украина, Солтүстік Африка елдерінен өнерпаздар қатысты.

Ансамбль солисі Сания Сәкенова І дәрежелі лауреат атанып, екі алтын медаль жеңіп алды. Ол байқау бағдарламасында Анвара Садықова қойған «Ақбаян» қазақ биін және Ернұр Қарықбол қойған «Тэмулэн» моңғол биін биледі. Сондай-ақ, ансамбль бишісі орындаушылық шеберлігі мен әртістік өнері үшін Америка Құрама Штаттарындағы Марго Фонтейн атындағы Балет академиясында екі апталық оқу стипендиясының сертификатына ие болды.

«Гүлдер» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықова мен Сания Сәкенова Марго Фонтейн балет академиясының көркемдік жетекшісі Кеннет Ладденнің арнайы шақыртуын алды.

Сонымен қатар, қазылар алқасының шешімі бойынша «Гүлдер» ансамблі «Ұлттық би мәдениетін сақтау және дамыту» арнайы сыйлығымен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Рига көктемі - 2025 #хореографиялық байқау #алтын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);