Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Гүл бағасы көтеріле бастады

Гүл бағасы көтеріле бастады

Әлеумет 05.03.2024, 11:29 1,146
Гүл бағасы көтеріле бастады
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Биыл қаңтардың соңында Қазақстанда өсімдіктер мен гүлдердің бағасы бір жыл ішінде 8,2% қымбаттады.


Еnergyprom.kz ұсынған мәліметтерге үйенсек, өңірлер бойынша бағаның ең қымбат гүл Қарағанды ​​облысында сатылады. Яғни, бір жылда 41,5% өскен. Одан кейін Алматы облысы (18,1%) және Астанада (14,5%) қатты қымбаттады. Ең аз жылдық баға өсімі Алматы қаласында тіркелді: 1,3%.


Ақмола, Жамбыл және Жетісу облыстарында баға былтырғы қаңтардағы деңгейде сақталған. Керісінше Павлодар облысында бір жылда 0,9%, Ұлытау облысында - 6,1% арзандаған.


Бүкіл әлемге танымал раушан гүлдері қаңтар айында ҚР ауыл шаруашылығы базарларында бір данасы орташа есеппен 946 теңгеден сатылған. Ал Абай облысында бір дана гүл 1 400 теңгеге бағаланып, ең қымбат өлке ретінде тіркелді. Мұнан кейінгі сатыға Қостанай (1 300 теңге) және Шығыс Қазақстан (1 200 теңге) облыстары жайғасты. 600 теңгеден гүл саудалаған Шымкент ең арзан облыс болды. Батыс Қазақстан облысында раушан гүлі 648 теңгеге саудаланса, Қызылордада 667 теңгеге тең келді.


2023 жылы Қазақстанда 17,6 млн гүл жиналған. Гүлдер еліміздің 20 өңірінің 13-де өсіріліп, жиналған.


Алматы облысында ең көп гүл жиналды: 7,8 млн дана, жылдық өсім 10,9 есе. Одан кейін Ақмола (5,3 млн дана) және Қарағанды ​​(2,2 млн дана) облыстары.


Салаға қаржы құюға келетін болсақ, гүл өсіру және гүл дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы негізгі капиталға инвестиция 2023 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында 554,8 млн теңгені құрады, бұл тек екі облысқа — Түркістан (545,4 млн теңге) және Қарағанды ​​(9,5 млн теңге) облыстарына тиесілі.


8 наурыз қарсаңында Energyprom.kz сарапшылары Қазақстанның ЕАЭО елдерінен гүлдер экспорты мен импортының құрылымын зерттеді.


2023 жылдың қаңтар–желтоқсан айларының қорытындысы бойынша, Қазақстан ЕАЭО елдеріне көбіне жаңа кесілген гүлдер мен раушан, қалампыр және хризантема бүршіктерін жіберді. Сонымен қатар, егілген немесе егілмеген раушан гүлдері мен орхидеялар, сонымен қатар вегетация және гүлдеп келе жатқан гиацинт, нарцис және қызғалдақ жиі экспортталды.


Осы орайда Energyprom сарапшылары picodi.com сайтының сауалнамасын ұсынуды жөн көрді. 2022 жылы жүргізілген сауалнамаға сәйкес, қазақ әйелдерінің 39%-ы ғана мерекеге гүл алғысы келеді.


Әйелдердің 87%-ы көбіне жұмыс орнында, 89%-ы жақындарынан гүл алады. Нәзік жандылардың 56%-ы 8 наурызда өздері гүл сыйлайды. Ер адамдардың тек 70%-ы гүл сыйлайды.


Айтпақшы, сауалнамаға сәйкес гүлдер көп қаланатын сыйлықтар арасында тек бесінші орында тұр. Бұрымдылар 8 наурызға ақша (69%), парфюмерия (63%) және косметиканы (54%) ең керекті сыйлықтар деп санайды. Ал ең қажетсіз әрі орынсыз сыйлықтар қатарына алкоголь (50%), ішкиім (44%) және ашық хаттар (38%) енді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#гүл #сыйлық #сауда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика